Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды

107

0

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойдыБүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына орай Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент және алаңға жиналған қауым Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды. 
Ресми рәсімнен кейін ҚР Республикалық үрмелі аспаптар оркестері еліміздің Гимнін орындады. Осыдан кейін Құрметті қарауыл ротасы ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алдында салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.
Гүл шоқтарын қою рәсіміне ҰОС ардагерлері, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, орталық мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустардың өкілдері және қала жұртшылығы қатысты.
Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы үйлеріне қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елімізден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы – қазақтар.
Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Соғыс ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Бүгінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 2 мыңға жуық ардагері тұрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз