НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРЕДІ

78

0

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРЕДІКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың 38 сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері мен мемлекеттік мекемелер басшылары қатысты.

Сессия төрағасы Тілеуберген Шаутай күн тәртібіне сәйкес бекітілген мәселелерді хабарлағаннан кейін, алғашқы мәселе – «Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылдың І жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 243 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Ақмарал Әлназарова хабарлама жасады. Депутаттар бұл өзгерісті бірауыздан қолдады. Мұнан соң күн тәртібіне сәйкес «Қызылорда облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы» облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың есебі тыңдалды. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында Сыр өңірінде атқарылған жұмыстар туралы баяндаған аймақ басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің ағынында қалып қоймай, бастамасында болу баршамыздың міндетіміз екенін жеткізді.

Аймақ басшысының есебі газетімізде жарияланып отыр.

облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2015 жылдың І
жартыжылдығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытынды
есебі

Бүгін біз ағымдағы жылдың бірінші жарты­жыл­дығының алдын ала қорытындысын жасаймыз.

Бұл мерзімдегі басты саяси оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болғанын білесіздер. Президенттік сайлаудың Қызылорда облысындағы ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берілді. Сайлауға халқымыздың 97,5 пайызы қатысып, оның 98,1 пайызы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдап дауыс берді.

Және сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, елімізде экономикалық және қоғамдық-саяси ахуал тұрақты сақталуда.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына келсек, өңір үшін аса маңызды мұнай нарығындағы қалыптасып отырған күрделі жағдайға қарамастан, біз ішкі жалпы өнім көлемін төмендеткен жоқпыз Әрине, бұл бізге оңай болған жоқ.

Өздеріңізге белгілі, осы жылға арналған облыс әкімінің іс-қимыл жоспары қабылданды. Алайда, республикалық бюджет секвестріне байланысты жоспарға ішінара өзгерістер енгізілді.

Биылғы жылдың өзгешелігі – біз «ерекше» кезең жағдайында жұмыс жасаудамыз.

Қалыптасып отырған жағдайға орай Елбасы әкімдерге қосымша өкілеттілік жүктеді.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң қалыпқа ие. Дегенмен, проблемалық мәселелер де жоқ емес.

Біріншіден,
аймақтағы мұнай өндірісіндегі ахуал. Саладағы жағдай өндіріс көлемінің
төмендеуіне ғана емес, сонымен қатар инвестицияға, жұмыспен қамтуға және
бюджеттің кіріс бөлігіне кері ықпал етіп отыр.

Әлем
бойынша мұнай бағасы құлдырап, бір баррелінің құны қазіргі уақытта 57 долларды
сақтап тұр.

Осыған
байланысты биыл мұнай өндіру көлемі 700 мың тоннаға немесе 7 пайызға қысқарады.
Тіпті, былтырғымен салыстырғанда да кемуі байқалады.

Мұнай өндіруші
компаниялардың көпшілігі инвестициялық бюджетін 50 пайызға дейін және одан да
жоғары пайызға қысқартты. Осының салдарынан аймақ экономикасындағы
инвестицияның жалпы көлемі 30 пайызға дейін кеміді.

Ең
бастысы, мұнай өндірісіне қызмет көрсету көлемінің осыншалықты азаюы саладағы
қызмет­керлер санының қысқаруына да әкелуі мүмкін.

Осыған
байланысты біз Энергетика ми­нистрлігіне мұнай компаниялары бюджетінің шығыс
бөлігін қысқартудың шекті мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныс бердік. Біздің
ойымызша, бюджетті қысқарту жылдық жоспардың 10 пайызынан аспауы керек.
Министрлік ұсынысымызды түсіністікпен қабылдап,Үкімет тарапынан мұнай-газ компанияларына тиісті талап қойды.

Үкімет
басшысының қатысуымен облысымыздың проблемалық мәселелері жөнінде арнайы
мәжіліс өтіп, онда біз аталған мәселені де көтерген болатынбыз.

Сонымен
қатар, біздің бастамамыз бойынша Энергетика министрінің бірінші орынбасары
Ұзақбай Қарабалиннің төрағалығымен мұнай компанияларында өндіріс көлемін сақтау
және жұмысшылар санын қысқартпауға арналған екі мәжіліс өткізілді.

Біздің
көтерген мәселелер толық қолдау тапты, тек қана мұнай сату көлеміне қатысты
«Қуат Амлон Мұнай» компаниясының ұсынысы қолданбады.

Себебі,
шикі мұнайды экспортқа шығаруды шектеп, отандық үш мұнай өңдеуші зауытты
шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы бар.

Жұмысшыларды
қызметінен босатпау және орындарын сақтап қалу мақсатында барлық ірі және орта
компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.

Екінші
мәселе – шикізаттық емес саланың дамуы.

Мұнай өндірудің
қысқарғанына қарамастан өнеркәсіп өндірісінің көлемі көп төмендей қойған жоқ.
Керісінше, өңдеу өнеркәсібінің көлемі шамамен 20 пайызға артты.

Осы
саладағы динамикаға үңілсек, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шикізат
емес сектордағы өнім көлемі 62 пайызға артқандығы байқалады. Осы уақыт
аралығында республика бойынша көрсеткіш орташа есеппен 9 пайызға ғана өскен.

Осылайша
ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының нәтижесімен өңдеуші өнеркәсіп саласындағы
еңбек өнімділігі 40 пайызға жуық артты (анықтама үшін: өсу қарқыны бойынша
республика аймақтарының арасында 1- орында). 2012 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 еседен аса артқан (анықтама үшін: республика
аймақтарының арасында 1-орында).

Өздеріңізге
белгілі, «қолданыстағы кәсіпорындардың тиімділігі мен өнімділігін арттырудың
қажеттілігі туралы» Мемлекет басшысы жақында өткен Индустрияландыру күнінде
ерекше айтып өткен болатын.

Облыстың
2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын қабылдау барысында біз басты
міндеттеріміздің бірі ретінде экономиканы әртараптандыру деп белгіледік.

Қазір осы
бағыттағы оң өзгерістер жайлы айтуға болады. Әрине, екі-үш жыл құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру үшін өте қысқа мерзім. Осы уақыт аралығында өнеркәсіп
өндірісіндегі тау-кен өндірісінің көлемі 94-тен 82 пайызға (немесе 12 пайыздық
пунктке) дейін кеміді. Бұған мұнай бағасының әлемдік нарықта төмендеуі де әсер
етпей қалған жоқ. Дегенмен де, экономиканы әртараптандырудың тұрақты тренді
байқалады.

Былтыр
«АралТұз» кәсіп­орнын­дағы ас және техникалық тұз өндірісі толықтай
жаңартылғаны баршаңызға белгілі. Осының нәтижесінде тек алғашқы 6 айда ғана
өнім шығару 20 пайызға ұлғайды.

Сонымен
қатар, отандық компания Арал ауданында кальцийленген сода шығаратын зауыт
құрылысын салу жөнінде шешім қабылдады. «Бәйтерек» Холдингі жалпы құны 200-250
млн. АҚШ долларын құрайтын аталған жобаны қаржыландыруға дайын. Қазір осыған
байланысты қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Былтыр
Жалағаш және Шиелі аудандарында іске қосылған қызыл мия тамырын өңдеу зауыттары
жұмыс істеп тұр.

Қызылорда
қаласында құрама жем, күріш өңдеу және керамикалық кірпіш зауыттарының құрылысы
аяқталды.

Жыл аяғына
дейін сэндвич панель, күйдірілген кірпіш, жарықдиодты шам және өзге де өндіріс
орындарын іске қосатын боламыз.

«Шалқия»
кенішіндегі қорғасын мырыш өндірісін «Самұрық Қазына» қорымен бірлесе отырып
игерудеміз.

Бүгінде
кен байыту комбинатының базалық жобасын әзірлеу аяқталып, детальдық жобалау
жұмыстары қолға алынды. Жақын арада құрылысты бастаймыз деген ойдамыз.

Үстіміздегі
жылғы мамыр айында «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің
іс-сапары аясында кәсіпорында қорғасын мен мырышты терең өңдеуге бейімдеу және
соның негізінде гидрометаллургиялық зауыт құрылысын салу жөнінде шешім
қабылданды. Бұл өз кезегінде металлопрокат алуға мүмкіндік беретін жобаның
келесі сатысы болып табылады.

Сонымен
қатар, «Молль» неміс компаниясы «Тау Кен Самұрық» Ұлттық компаниясымен осы
аумақтан біздің қорғасынды пайдалана отырып аккумулятор зауытын салу жөнінде
келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен
бірге, машина жасау және ферроқорытпа зауыттарының құрылысы жөніндегі жобалық
құжаттар әзірленді, ендігі кезек-мемлекеттік сараптамада.

Германиялық
«ThessenKrupp», оңтүстіккореялық «POSCO», жапониялық «Hanwa» сияқты ірі
металлургиялық компаниялар әсіресе, төмен алюминийлі ферросилиций өндірісіне
қызығушылық танытып отыр. Осы ферросилицийді пайдалану арқылы болаттың өзіндік
құнын арзандатуға болатыны белгілі.

Бұл
өндірісте «Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу» Ұлттық орталығының инновациялық технологиясын қолдану
жоспарланып отыр.

Қазіргі
уақытта осы технологияны өндірістік сынақтан өткізіп, оны ғылыми қолдауды
қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Осыған орай, Үкіметке тиісті ұсыныспен
шықтық. Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақтан зауыт салуға 50 гектар жер бөлініп,
инфрақұрылымын тартудамыз.

Ванадий
өндірісі бағытындағы жобалар да жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бір сөзбен
айтқанда, аймақта толыққанды металлургиялық кешеннің іргетасы қалануда деп
батыл айта аламыз.

Басқа
жобаларға келер болсақ, облыс орталығында «Бәйтерек» холдингі, «Қазақстанның ин­вес­тициялық
қоры», аме­ри­калық «Stewart Engineers» ком­панияларының бірлескен жобасы –
шыны зауытының (қуаттылығы жылына 197 мың тонна) құрылысы басталды.

Бүгінде
мердігерге зауыт құры­лысына қажетті қаржының алғашқы бөлігі 2,8 млрд. теңге
берілді.

Болашақ
зауыттың ең ірі нысаны-дайын өнімдерді сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жыл
аяғына дейін осы жұмыстың 70-80 пайызын игеру жоспарланып отыр. Қала құ­ры­лысы
кеңесінде зауыттың жобасы бекітілді. Нысан 2017 жылы пай­далануға беріледі деп
жоспарлануда.

Сонымен
қатар, шыны зауыты үшін құмды дайын шикізатқа айналдыратын тау-кен байыту
комбинатының құрылысы (2017-2018 жылдар) жоспарлануда. Бүгінде жоба
бастамашылары Қазақстан Даму банкімен жобаны қаржыландыру жайында келіссөздер
жүргізуде.

«Compact
GTL» британ компаниясымен бірлесе отырып, Қармақшы ауданында жерасты газын
дизельді отынға айналдыру жобасын жүзеге асыру көзделуде. Евро-5 стандартына
сәйкес өндіріс орны тәулігіне 160 тонна өнім шығарады. Жобаға Энергетика
министрлігі қолдау көрсетуде.

Германиялық
әріптестердің қа­ты­суы­мен облыс орталығында тұр­ғын үй құрылысы комбинаты
салынуда.

Бірқатар
қытайлық компаниялармен цемент өндірісін дамыту жөнінде келісімдер іске аса
бастады. Шиеліден цемент зауытын (400-500 маркалы) салу жөніндегі «Данаке»
корпорациясының жобасы Қазақстан-Қытай үкіметаралық басым бағыттағы жобалар
тізіміне енгізілді. Барлық инфраструктурасы бар өндірістік аймақтарды тек қана,
Қызылорда қаласында ғана емес барлық аудан орталықтарында да жасақталуының
арқасында осындай мүмкіндікке қол жеткізудеміз.

Қуаты
шағын екінші осындай жоба (300-400 мың тонна)облыс орталығындағы индустриалдық аймақтан салынуы мүмкін.

Сонымен
қатар, Еуропадағы экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы (ОЭСР) жасаған
аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы аясында біздің облыс құрылыс
индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті жоғары пилоттық 3 өңірдің қатарына енді.

Бір сөзбен
айтқанда, ойға алған жобалар бойынша жұмыстар қарқынды жүріп келеді.

Бұл
жобалардың барлығы да ерекше маңызды, өйткені олар өз кезегінде тұрғындарды
жұмыспен қамтып, салық базасын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Сараптамаға
жүгінсек, 4,5 мың жұмыс орнын ашылып, жыл сайын 3 млрд теңгеден астам салықты
жергілікті бюджетке түсіреді. Кәсіпорындарға білікті, кәсіби мамандар мен
жұмысшы кадрлар дайындалып, өңір экономикасының мұнайға тәуелділігі азайып,
адам потенциалын дамытуға жағдай жасалады.

Шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту динамикасы да жаман емес. Оған дәлел, бір жыл ішінде
белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 мың 700 бірлікке (12 пайыз) өскен.
Өткен бес айда қаржы институттары облыстағы шағын және орта бизнесті дамытуға
11 млрд теңгеге жуық несие бөлген.

Алайда,
кәсіпкерлікті ойдағыдай қарқынды дамытуға әзірге қол жетпей отыр. Оның себебі –
шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың басым
бөлігі бұрын құрылған кәсіпкерлікті дамытуға ғана бөлінуде. Ал, біздің облыс
бұл мәселеде еліміздің өзге өңірлерінен көп артта қалған. Сондықтан
кәсіпкерлеріміз қарыз алушы ретінде жеңілдікпен несие алу талаптарына көбінесе
сәйкес келмейді. Банктердің қаржысы бар, бірақ олар біздің кәсіпкерлерге
қолжетімсіз.

Сондықтан
арнайы «Өңірлік инвестициялық орталық” құрдық. Бұл орталық басым бағытқа ие жобаларды
қолға алған кәсіпкерлерге несие бере алады. Бүгінгі бюджетті нақтылау барысында
біз осы мақсатқа 100 млн. теңгені бөліп отырмыз.

«Ақниет”
және шағын несие беретін бағдарламалар өз жалғасын табуда. Дегенмен, біз өткен
екі жылдағы мөлшерден асып түсе алмаймыз. Себебі, республика бұл мақсаттағы
шығынды секвестр аясында бірнеше есе қысқартты.

Қызылорда
облысы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуда пилоттық болып белгіленді. Бұл
бағытта республика бойынша алғашқы
қадамдар ғана жасалуда. Біз «Өңірлік кәсіпкерлік палатасы” және «Мемлекеттік
жеке әріптестік жобасын тіркеу» орталығымен бірлесіп алғашқы екі жобаны жүзеге
асыруды қолға алдық. Олар, облыс орталығында күніне 500 келушіні қабылдайтын
емхана мен 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей құрылысы.

Ауыл шаруашылығында
әсіресе ет өндіру көлемінің артуымен жалпы өндіріс көлемінің өсуі байқалады.
Бұл саланы біз табанды түрде дамытатын боламыз. Соңғы екі жылдың өзінде ғана
агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 8 есеге дейін өскен. Өткен
мамыр айында малшылардың бірінші облыстық слетінде алғашқы нәтижелер қоры­тын­дыланды.
Мұндай шара соңғы рет осыдан 19 жыл бұрын өткен екен.

Көктемгі
егіс науқаны да ұйымшылдықпен өтті. Аманшылық болса, күріштен биыл да жақсы
өнім аламыз деген ойдамыз.

Агроөнеркәсіп
кешенін дамыту­дың «Жол картасы» жүзеге асырылуда.

Басты
мақсат – озық агротехнологияны, (оның ішінде ылғал сақтағыш), өндіріске енгізу,
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің қарқынды өсімін қамтамасыз ету қажет.

Республикадағы
қаржылық дағдарысқа қарамастан биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға 8,3 млрд
теңге алдық. Бұл былтырғыдан 24 пайызға көп.

Мал
шаруашылығын дамыту үшін азықтық дақылдар көлемін арттыруды да межелеудеміз. Ол
биыл 3,7 мың гектарды құрайды.

Аграрлық
секторға қосымша инвестициялар тарту шаралары қолға алынуда. Қазіргі таңда 15
мың гектардан астам алқапқа тамшылатып суару әдісімен қызанақ және жүгері егу
жобасын жүзеге асыруға инвестор тартылды. Қызанақ концентраты, жүгері сіркесі
мен крахмал өн­діру зауытын жобалауға
кірісіп кеттік.

Облыс биыл
ветеринария жүйе­сін жетілдіру шараларының нәти­жесінде буферлік аймақтан шы­ғады.
Бұл Жаңақорғанда жылына 7 мың тоннаға дейін ұсақ малдың етін өңдейтін ет
комбинатының құ­рылысын жобалауға мүмкіндік туғызды.

Сонымен
бірге, ірі мал бордақылау алаңы бар мал жайылымдарын дамыту да жоспарда бар.
Биылдың өзінде Қазалы ауданында 500 басқа («Сыр маржаны» ЖШС) және Сырдария
ауданында 3000 басқа арналған («Шаған-Жер» ЖШС) кешенді пайдалануға беру
жоспарлануда. Бұған қоса, осындай кешенді Жалағаш ауданында да салатын боламыз
(«Мега-Агро» ЖШС). Өнімнің бір бөлігі экспортқа шығарылатын болады.

Тұрғындардың
әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін негізгі фактордың бірі – баға. Бұл мәселені
біз тұрақты назарда ұстап келеміз. Әсіресе, азық-түлік бағасы. Бұл ретте бағаны
тұрақтандыру қорының пайдасы мол болмақ. Оған облыстық бюджеттен 380 млн теңге
бөлінді. Сондықтан аймақтағы баға республиканың орташа көрсеткішінен біршама
төмен.

Балық
шаруашылығы саласы да даму үстінде. Бүгінгі күні аймақта Арал және Қазалы
аудандарына 8 кәсіпорын балық өңдеумен айналысады десек, оның 3 (үшеуі) еурокод
белгісімен өнімдерін Еуропа елдеріне шығаруда.

Қазір біз
Үкіметпен бірлесіп САРАТС жобасының екінші кезеңін тезірек бастау үшін жұмыс
жасаудамыз. Қаржы мәселесі толық шешілді. Бірақ, Өзбекстан жағынан туындаған
түсініспеушіліктер жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіруде. Әйтсе де,
нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жобаны жүзеге асыруға шекаралас елді
хабардар еттік. Енді Бүкіләлемдік банктің тиісті шешімін күтудеміз.

Үшінші.
Инфрақұрылымды дамыту.

Жыл
басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру 1,5 есеге өсті. Сонымен бірге біз
«Қазақстан ипотекалық компаниясы” және «Самұрық-Қазына” жылжымайтын мүлік
қорымен” тұрғын үй құрылысына қажетті қосымша ресурстарды тарту жөнінде
мақсатты жұмыстар жүргіздік.

Жыл
бойында «Нұрлы Жол” бағдарламасы шеңберінде бөлінген қорлар есебінен тұрғын үй
құрылысын 3,5 есеге көбейтуді межелеп отырмыз.

Аталған
бағдарлама аясында биылға бөлінген 900 млн теңгеге өңірді Елордамен
байланыстыратын «Қызылорда-Жезқазған” тас жолын жаңғыртуды бастаймыз.

Қызылорда
қаласында әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталды. Жобаны қаржыландыру
жөніндегі міндетімізді біз орындадық.

Ендігі
кезек «Қазақстан темір­жолы” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының
еншісінде. Бұл мәселенің тез шешім табу үшін оны әлеуметтік маңызды нысандар
тізіміне қосу жөнінде Үкіметке ұсыныспен шықтық.

Мамыр
айынан бастап Мәскеу бағытына тікелей рейс ашылды. 8-ші маусымнан бастап
Анталияға халықаралық чартерлік рейс басталды. Ұлттық және халықаралық
авиакомпаниялармен Стамбул, Дубай, Пекин және Үрімші қалаларына тұрақты және
чартерлік рейстерге қызмет көрсетуге келісім-шарттар жасалды.

Енді облыс
тұрғындарының басым бөлігі үшін аса маңызды мәселе – газдандыру туралы.

«ҚазТрансГаз”
акционерлік қоға­мы құрылыс-мон­таж жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуде.
Биылғы жаздың өзінде Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері мен
Байқоңыр қаласы «Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральды газ құбырына жалғанатын
болады. Бұл елді мекендерде 210 мың адам өмір сүреді.

Сонымен
бірге 2016-2017 жылдары Сексеуіл, Жосалы, Қамыстыбас, Жалағаш және Тереңөзек
кенттерін көгілдір отын желісіне қосу үшін 4 АГРС құрылысына қажетті 10 млрд
теңге бөлу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған елді мекендерде 60 мыңға
жуық тұрғын бар.

Осылайша,
бірінші кезекте облысымыздың барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендері
газбен қамтамасыз етілетін болады.

Облыстың
елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұ­мыстары жалғасын табуда. Өздеріңізге
белгілі, бүгінге дейін барлық село­лық елді мекендердің 71 пайызы ор­талықтандырылған
су жүйесіне қо­сыл­ды, яғни осы елді мекендерде ауыл тұрғындарының 94 пайызы
тұрады (өңірлер ішінде бірінші орында). Ағымдағы жылы, Жаңақорған ауданындағы
Талап және Сырдария топтық су құбырының құрылысы басталды.

Бұл
жобаларды іске асырудың нәтижесінде тағы да 28 елді мекенде тұратын 38 мың
тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қызылорда
қаласындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір құрылысы салынуда.

Облыс
орталығын абаттандыру мен көгалдандыруға бұрынғыша айрықша көңіл бөлудеміз.
Бірақ қала көшелері ауыр салмақты көліктерге есептелмеген. Ал «Батыс
Еуропа-Батыс Қытай” автомагистралы арқылы өтетін көліктер біз жөндеген жолдарды
бұзып кетуде.

Сондықтан,
өздеріңіз білетіндей, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Бейбарыс Сұлтан
көшесінен Ғ.Мұратбаев көшесіне дейін айналма жолдың құрылысы басталуда. Бұл жол
жүк көліктерінің қозғалысын реттейтін болады. Сонымен бірге жол құрылысы
Сырдария өзенінің жағалауын бекітуге мүмкіндік беріп, жағалау аймағын
абаттандыруды және сол жағалаумен байланысты қамтамасыз етеді.

Айтпақшы,
Азия даму банкісімен бірге біз облыс орталығының жаңа ауданы – Сырдария
өзенінің сол жақ жағалауы инфрақұрылымы құрылысы жобасын кезең-кезеңімен жүзеге
асыру мәселесін қаржыландыруды шешудеміз.

Жобаның
жалпы құны 1 млрд. доллар шамасында.

Азия даму
банкісінің (АБР) өкілдігі бұл жобаны «ақылды» қаланы (Smart City) дамытуға
бағытталған «Кешенді инфрақұрылым бағдарламасы» ретінде жүзеге асыруды ұсынып
отыр. Қазір біз оның техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатырмыз және
Ұлттық экономика министрлігінен бұл жобаны министрліктің операциялық жоспарына
енгізу туралы алдын ала келісімін де алып қойдық.

Қаржылай
жетіспеушілік кезін­де басқа да халықаралық қаржы орталықтарымен тиімді жұмыс
істеуді жалғастырып келеміз.

Өздеріңіз
білетіндей, Еуропалық қайта құру және даму банкісімен жалпы құны 350 млн.
доллар болатын 8 жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Жақында
ғана осы банктің желісі бойынша алынатын 92 автобустың алғашқы 10-ы қаламызға
келді.

Сәуір
айынан бері 42 мың тұрғыны бар Әйтеке би кентін жылумен қамтамасыз ететін
қазандықты («Қазалы-Теміржол жылу») қайта құру бойынша сарапшылар жұмыс
жүргізуде. Ислам даму банкісімен бірге әлеуметтік нысандар құрылысы (мектептер
мен балабақшалар) бойынша жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылап жатырмыз.
Әсіресе, апаттық жағдайдағы.

Төртінші.
Байқоңыр қаласының мәселелері бойынша.

Ресейдегі
қазіргі ахуал Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайына да теріс
әсер етуде. Қала бюджеті жыл сайын азайып келеді. Қызметкерлерді
кезең-кезеңімен қыс­қарту басталды. Облыс бойынша алғашқы жартыжылдықта жұмыстан босаған 400
адамның жартысы Бай­қоңырдың үлесіне тиеді.

Жыл аяғына
дейін ғарыш кешенінде жұмыс істейтін тағы 300-дей Қазақстан Республикасы
азаматтарының жұмыссыздар қатарын толықтырып қалуы ғажап емес.

Жағымды
жаңалықтар да бар. Биылғы жылы екі маңызды мәселені шешуге қол жеткіздік.
Қалада әлеуметтік мәселелер көбейіп келе жатқандықтан біз 500-дей мұғалім жұмыс
істейтін 6 байқоңырлық қазақ мектебі мен 1 балабақшаны өзімізге алдық. Сонымен
бірге, өздеріңізге белгілі, бес жыл бойы құрылысы тоқтап тұрған перзентхана
мәселесі де оңынан шешілді. Ол емханасы бар көпсалалы станционар ретінде облыстық
медициналық орталықтың филиалы болып жұмыс істейтін болады. Қажетті жабдықтар
алынып қойылды.

Өкінішке
орай, бүгінде Байқоңыр қаласы бойынша туындаған әлеуметтік мәселелер жиілей
түсуде, мұның өзі онда жұмыс істеп және өмір сүріп жатқан қазақстандық азаматтардың
хал-ахуалына теріс әсерін тигізуде.

Соған
байланысты тиісті шешім қабылдануы қажет деп есептейміз.

Біз өз
ұсынысымызды Үкіметке енгіздік. Және бұл мәселені ағымдағы жылдың күз
маусымында Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары барысында көтермек ойымыз
бар.

Байқоңыр
қаласын біз әрқашанда Төретам және Ақай елді мекендерімен бірге қараймыз,
себебі аталған елді мекендердің тұрғындарының негізгі бөлігі «Байқоңыр»
кешенінің нысандарында жұмыс істеуде. Сәйкесінше, қаладағы жағдай олардың өмір
сүру деңгейіне тікелей әсерін тигізеді.

Өздеріңіз
білетіндей, 2014 жылы біз Сіздермен бірге «Байқоңыр қаласын, Төретам кентін
және Ақай ауылдық округінәлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын» қабылдадық.

Өткен
жылдан бері Жоспар аясында 2 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінді.

Төретам
кентінің 15 көшесі жөн­деліп, 20 көшесіне жарықтандыру жұ­мыстары жүргізілсе,
280 орынға ар­налған балабақша пайдалануға берілді.

Мемлекеттік
және салалық бағдар­ламалар шеңберінде көкөніс сақтау қоймасы, қонақ үй және
өзге де қызмет көрсету нысандары салынуда.

Биылғы
жылы Төретам кентінің Бас жоспары әзірленді.

Ақай
ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория салынды. Сумен қамтамасыз ету
жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Күзге
қарай 600 орынға арналған жаңа мектеп пен 280 орындық балабақшаны пайдалануға
беру жоспарлануда.

Енді
әлеуметтік дамудың кейбір аспектілері туралы толығырақ ақпарат бергенді жөн
санап отырмын.

Аймақтың
бұл мәселеде жылдар бойғы кенже қалуының орнын толтыру үшін біз Сіздермен бірге
үшінші жыл қатарынан әлеуметтік бағдарланған бюджет қалыптастырып келеміз.
Биылғы жылғы бюджеттің 62 пайызын әлеуметтік сала шығындары құрайды.

Ағымдағы
жылы әлеуметтік даму мәселелері бойынша бізді ерекше алаңдататын мәселе ол –
еңбек қатынасы. Оның өзі, толықтай алғанда,жалпы экономикалық ахуалға, сондай-ақ мұнай және сервистік компаниялар
жағдайына байланысты болып отыр. Сондықтан да жұмыс орындарын сақтау, жалақыны
уақытылы төлеу, ұжымдық шарттарды орындау бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде.
Нәтижесінде, жалпы алғанда жыл басынан бері облыста 400-ден астам ғана адам
жұмыстан қысқарды (жоғарыда атап өткенімдей, оның жартысын байқоңырлықтар
құрады).

Дегенмен,
осы мерзімде экономиканың әртүрлі салаларында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны
құрылды, оның 4400-і тұрақты жұмыс орны. Мұның өзі бізге жұмыссыздықтың өсуін
тоқтатуға көмектесті (5 пайыз).

Еңбекақы
қарыздары бойынша туындаған мәселелердің басым бөлігін тез арада, «тікелей
басқару» тетіктері арқылы шешіп жатырмыз. Бүгінгі күні тек 3 кәсіпорынның 25
млн. теңгеге жуық жалақы қарызы бар («МИГ-21» ЖШС, «Азияш» ЖШС, «Жез Киік и К»
ЖШС). Олардың әрқайсысы бойынша әкімдіктер, прокуратура және сот органдары
бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Білім
саласында білім сапасын көтеру жөнінде үшінші жыл бойы жүргізіп келе жатқан
тиянақты жұмыстар енді ғана өз нәтижелерін бере бастады.

Өйткені,
облыс ҰБТ нәтижелері бо­йынша (2012 жыл) республика өңірлері арасында 16 орында
еді. Үс­тіміздегі жылы ҰБТ нәтижесі бойынша облыс 5 орыннан көрінді (81,7
балл). Ең төменгі көрсеткіш Шиелі ауданында 79,9 балл болды, ал республикалық
орташа көрсеткіш 79,5 балл.

Бұған қоса
«Алтын белгіге» ұсынылған үміткерлердің 60 пайызы өздерінің білімін дәлелдеп
шықты (биыл 139 адам, өткен жылы 94 адам).

Екі жыл
болды, біз мектеп бітірушілерді тікелей Мәскеу болат және қорытпалар
институтына, Санкт – Петербург технологиялық университетіне, сонымен бірге
Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ мен отандық басқа да алдыңғы қатарлы жоғары оқу
орындары мен колледждерге оқуға жіберіп отырмыз. Биылғы жылы ресейлік аталған
және басқа да алдыңғы қатарлы халықаралық деңгейдегі оқу орындарына біздің
мектеп бітірушілерімізге 400-ден аса орын берілді. Біздің экономикамыздың
сұранысына орай балаларды негізінен техникалық мамандықтарға жіберудеміз.

Мұнан
бөлек, «Серпін» бағдарламасы бойынша 2500-дей грант алу жоспарымыз бар. Сонымен
қатар, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға облыс
әкімінің 365 грантын бөлуді жалғастырып отырмыз.

Осылайша
біз биылғы жылғы мектеп бітірушілердің жартысын Қазақстан мен Ресейдің алдыңғы
қатарлы ЖОО мен колледждерде гранттар есебінен оқытуды қамтамасыз етеміз.
Мұндай жағдай бізден басқа бірде-бір облыста жоқ!

Облыс
әкімі іс-қимыл жоспарының басым бағыттарының бірі ретінде біз апатты
мектептердің мәселелерін шешу деп санаймыз.

Биылғы
жылы 16 мектепті пайдалануға беруді жоспарлаудамыз, оның ішінде 9-ы апатты
мектептердің орнына іске қосылады.

Жалпы,
биылғы жылы біз барлығы 42 жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосуды жоспарлап
отырмыз.

Тұрғындар
денсаулығын жақсар­туға және мүмкіндігі шектеулі адам­дардың өмір сапасы
деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Біз өткен
жылы бекітілген туберкулездің мультирезистік түрімен ауырған адамдарды
сауықтыруға ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті, сондай-ақ лейкоз бен және
апластикалық анемиямен ауыратын балаларды терапиялық қолдау үшін дәрілер алып
беру төлемдерін сақтап қалдық.

Сонымен
қатар, біз Қызылорда қаласындағы 200 төсекке арналған облыстық көпсалалы
балалар ауруханасы, Жаңақорған мен Жала­ғаш кенттеріндегі ауысымына 250 келушіге
арналған емхана құры­лыстарын жалғастырып жатырмыз.

Сексеуіл
кентінде ауысымына 100 келушіге арналған емхана мен Түгіскен ауылында
дәрігерлік амбулатория құрылысын бастадық.

Қызылорда
қаласындағы Мейірімділік үйінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен
қатар, қалалық туберкулез диспансері мен наркодиспансеріне күрделі жөндеу
жүргізілуде.

Өткен
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-мамыр айларында сәбилер өлімі
көрсеткіші 12 пайызға, туберкулезбен ауыру 19 пайызға, қатерлі ісікпен ауырып қайтыс
болғандар 11 пайызға кеміді.

Өкінішке
орай, ана өлімі мәселесі әлі де өзекті күйінде қалуда. Бұл проблема бойынша
өзіміздің және шетелдік мамандармен нақты жұмыстар жүргізудеміз.

Біздің
дәрігерлер күрделі оталар жасауды жолға қойды (ми-қан тамырларына, омыртқа мен
жұлынға, жүрекке ашық ота).

Біздің
профилактикалық емдеу мекемелерінің жабдықталу деңгейі өңірлер арасындағы
үздіктердің бірі.

Осы
орайда, кадрларды дайындау үшін ағымдағы жылдың маусым айында облыстық
медициналық орталықтың негізінде Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық
университетінің филиалы ашылды. Мұндағы магистратурада студенттер оқып,
дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлер біліктілігін арттырып, тәжірибеден
және интернатурадан өте алатын болады.

Оқу
процесінің сапасын қамта­масыз ету үшін әрбір айдың бір аптасында Қызылордаға
Алматыдан оқытушылар мен профессорлардың келіп тұруы жоспарлануда. Біздің
дәрігерлер сабақ беретін кафедралар да ашамыз.

Филиал базасында денсаулық саласы
менеджерлерін дайындауды, ғылыми – медициналық зерттеулер өткізіп және
диссертациялар қорғауды ұйымдастыратын боламыз.

Бұқаралық
спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау ісі де басым бағыттардың
бірі деп санаймыз.

Жақында
Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында мемлекет пен жеке әріптестік негізінде
салынған денешынықтыру және сауықтыру орталығы бар стадион ашылды.

Қызылорда
қаласында салынып жатқан ипподром мен бокс орталығы, сондай-ақ Жаңақорған, Қаза­лы
аудандарындағы дене шынықтыру сауықтыру кешені жыл соңына дейін пайдалануға
беріледі.

Спорттық
ғимараттар желісін дамыту балалар мен жастардың денсаулығын сақтап, жаман
әдеттерден (деструктивті) аулақ болуға септігін тигізеді.

Биыл біз
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын атап өттік. Іс-шаралар жыл бойы жалғасын
табатын болады. Бұл өскелең ұрпаққа тарихын таныту үшін қажетті әрі ерекше
маңызды шара деп білеміз.

Біздің
Отанымыздың еркіндігін қорғаған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі өскелең
ұрпаққа ерекше өнеге болуы керек. Біз балаларымыздың бейбітшіліктің және оны
сақтаудың қаншалықты қымбат екенін
білуіне жауаптымыз.

Осылайша,
олар өздерінің рухани-адамгершілік бағытынан ауытқымайтын болады, олар өз
кезегінде ұлтжанды, әлемді бағалайтын және Отанын жақсы көретін болады, ал
деструктивті күштер өздерінің идеологиялық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды.

Әртүрлі
экстремизмнің таралуы жағдайында бізге ұлтаралық және конфессияаралық келісімді
сақтауға мүмкіндік беретін осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейтуіміз қажет.

Біздің
кәсіпкерлердің қатысуымен бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы кинотеатр «Достық үйі»
етіп қайта жаңғыртылып жатыр. Аталмыш нысанды жыл соңына дейін ашуды жоспарлап
отырмыз.

Алпыс
жылдық тарихы бар облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры
алғаш рет Лондонға гастрольмен барып, Патшалық театр сахнасында өз өнерін
көрсетті.

Театр
ұжымы Дулат Исабековтің «Ескi үйдегі екі кездесу» қойылымын қазақ тілінде
қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сөзімнің соңында, бюджетке арнайы тоқтала
кеткенді жөн көріп отырмын.

Ағымдағы
жылы жоғары болжамға қарамастан, бірінші жартыжылдықта жергілікті бюджетке
түскен түсім бойынша жоспар орындалды. (106 пайыз)

Алайда
бұған көп сенім артудың керегі жоқ, себебі сарапшылардың болжамы көңілді
көншітпей тұр.

Биылғы
жылдың басында біз әкімшілік шығындарды оңтайландырған болатынбыз. Өткен жолғы
бюджетті нақтылау аясында кейбір қаржы көздері басым міндеттерді шешуге қайта
бөлінді. Бірақ бөлінген ресурстарды дұрыс, сапалы әрі толықтай игеру қажет.

І
жартылдықтың қорытындысы бойынша жоспарланған қаржыдан 0,6% ғана игерілмей
қалды (сәйкес кезеңде 2012 жылы 4 млрд теңгеден астам қаражат немесе жоспардың
6,2%-ы).

Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында компаниялардың еншілестігін, тапсырыс беруші
мен орындаушы арасындағы туыстық қатынасты анықтайтын мемлекеттік сатып алулар
жүйесі мониторингі жетілдірілді. Бұл жүйе біздің ситуациялық орталық пен
планшетте де жұмыс істей алады.

Бүгінгі
бюджетті нақтылаудағы мақсат қандай?

Біріншіден,
жылыту маусымына және келер жылғы ықтимал тасқын кезеңіне толыққанды дайындалу
керек. Екіншіден, құрылысы басталған нысандарды аяқтау керек. Үшіншіден, қанша
қиын соқса да, біз келер жылға дайындық шараларын жасауымыз керек, оның ішінде
тұрғын үй құрылысын да ескеруіміз керек.

Ең
болмағанда 10 пайыз шеңберінде.

Бұған қоса
Қармақшы ауданын дамытудың «Жол картасы» әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Бюджеттің
кіріс бөлігі 877 млн. теңгеге ғана өседі. Қалған қаржы маңыздылығы кем
шығыстарды оңтайландыру есебінен іздестірілді.

Ағымдағы
жылғы сәуірден бастап біз 2016 жылғы республикалық бюджет есебінен қаражаттарды
біздің жобаларға тарту мәселесін жан – жақты қарастырып жатырмыз.

Алайда,
сыртқы экономикалық жағ­дайларға байланысты республикалық бюджеттің
мүмкіндіктері шектеулі. Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша,
республикалық бюджетке 97 млрд теңге салық түспеді.

2016 жылғы
бюджет тапшы (дефициттік) бюджет ретінде сипатталады деуге толық негіз бар.
Дегенмен де, жағымсыз әсерлер күшеюде. 2016 жылғы бюджетті құру барысында
министрліктердің салалық шығындар лимиті 875 млрд теңгеге қысқартылды. Қазіргі
таңда Қаржы министрлігі келер жылғы бюджеттің жасақталмаған жобаларының екінші
қысқартуын дайындауда. Жаңа құрылыстарға тыйым салынды.

Сондықтан,
бюджетті жоспарлау кезінде біз негізгі мақсаттан айнымай, бірақ мүмкіндіктерді
ескере отырып, барлық мәселеге ерекше мұқият қарайтын кезге келдік.

Өздеріңізге
мәлім, ағымдағы жылы мау­сым айында Еуроодақ Ресейге қатысты экономикалық
санкцияның мерзімін жарты жылға, яғни 2016 жылдың қаңтарына дейін ұзартты.
Еуроодақтың жасаған санкцияларына қарсы Ресей тиісті шаралармен жауап беруде.
Бұған қоса, Қытай банктері Ресейге қарсы санкцияларға жасырын түрде
қосылуда?!…

Олардың
көпшілігі ресейлік банктер қатысатын банкаралық жүйелердің жұмысын тежеп отыр.
Сондай-ақ сыртқы сауда келісімдері де едәуір қысқарды.

Мұндай
жағдай әрине, біздің тығыз қарым-қатынастағы экономикамыздың дамуына кедергі
болады.

Бір
жағынан, импорт алма

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз