Нұрлыбек Нәлібаев қайда кетті?

3827

3

Қызылорда қаласын сегіз жылдай басқарған Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының өкімімен Премьер-Министр кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.


Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.


1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы. 1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор. 2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры. 2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры. 2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры.

2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі.

2013 жылдың 13 ақпанында Қызылорда қаласы әкімінің қызметіне тағайындалған еді.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<