ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

99

0

Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі лауазымына Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы тағайындалды.

Б. Ідірісов 1971 жылы туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Биология және химия пәнінің мұғалімі», сондай-ақ «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Қармақшы аудандық жас табиғатшылар станциясының үйірме жетекшісі ретінде бастаған.

1994-2004 жылдары білім беру саласында және ішкі саясат басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

2004-2012 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, кадр жұмысы, әлеуметтік-саяси бөлімдерінің меңгерушісі, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.

2012-2017 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

2017 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз