ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

40

0

Құрметті жерлестер!

Сіздерді жер
бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті, ұлық мерекенің бірі – Ораза айт
мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Шілденің аптап
ыстығына қарамастан, төзімділік танытып, сабыр сақтап, Рамазан айын жақсы
ниетпен, оразамен өткізген жерлестерімізге Алланың нұры жаусын!

Үш күн бойы
тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдарды бір-біріне жақындастырып, татулыққа
шақыратын, жүрегіне қуаныш сыйлайтын шуағы мол мереке.

Ұлт Көшбасшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа
апарып соқтырады» деген ұлағатты сөзін ескерсек, бұл біздің одан әрі
ауызбіршілікте болуымызды талап етеді.

Сондықтан, қазіргі
уақыттағы бас­ты мақсатымыз – дәстүрлі дінімізді, салт-дәстүрімізді шынайы
дәріптеумен бірге жас ұрпақты имандылыққа, рухани бірлікке баулу.

Бүгінде еліміздегі
түрлі дін өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.
«Мәңгілік ел» ұлы идеясының мақсат-мұраты да – осы, барша Қазақстан халқын береке-бірлікке, тату
тірлікке жетелеу.

Қадірлі қауым!

Рамазан айында
жасаған жақсылығымыз, игілікті істеріміз
еліміздің өркендеуіне үлес қосады деп сенемін.

Тәуелсіз еліміздің
тұғыры биік, іргесі берік болсын. Әрбір шаңырақтың құт-несібесі молынан болғай!

Қасиетті Ораза айт
мерекесі ырыс-ынтымағымызды арттырып, елімізге тыныштық, береке-бірлігін
әкелсін!

Айт мүбарак болсын!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз