ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

52

0

Құрметті жерлестер!  Қадірлі мұсылман қауым!

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫҚасиетті Құрбан айт мерекесімен баршаңызды шын жүректен
құттықтаймын!

Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты
ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне
ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың «Түбіміз – түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз – Құран»
деген сөзі бүгінде нақылға айналды. Осылайша еліміз егемендік алғалы
үзілгеніміз жалғанып, өшкеніміз қайта жанданды.

Бес парыздың бірі –
қажылықпен тұспа-тұс келетін қасиетті айт мейрамының орны ерекше. Құрбан айт –
кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Ендеше баршаңыздың ниет етіп
шалған құрбандықтарыңыз, құлшылық еткен дұғаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл
болсын!

Құрбан айт мүбарак болсын!

 

Қызылорда облысының
әкімі Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз