ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ БАЙЛАНЫС

30

0

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ БАЙЛАНЫСКеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери және әскери-техникалық екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрінің сапары Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.
– Қазіргі уақытта барлық мәселелер біздің елдеріміз арасындағы достық және сенімді байланыстар арнасында шешімін табуда. Сондықтан бұл сапар ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға да қызмет етеді, – деді Мемлекет басшысы.
С.Шойгу кездесу үшін алғыс айта отырып, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі басшылығымен жүргізілген келіссөздер туралы айтты.
Мемлекет басшысы мен Ресей Қорғаныс министрі екі елдің қорғаныс саласындағы өзара ықпалдастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, тиісті келісімдерді одан әрі іске асырудың негізгі жолдарын айқындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз