ОРТА ТАПТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ жолдары

187

0

ОРТА ТАПТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ жолдары«Орта тап қазақстандық ұлттың
негізі, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың қайнар көзі ретінде
қарастырылуы тиіс. Бұл – заң үстемдігіне барынша мүдделі және мемлекеттің халық
пен елдегі тұрақтылыққа есептілігінің қозғаушы күші».

ҚР Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың 2015 жылғы 22 наурызда

«Нұр Отан» партиясының XVI
сьезінде сөйлеген сөзі

 

ОРТА ТАПТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ жолдары

халықаралық басқосуда талқыланды

 

 

Кеше облыстық әкімдіктің
мәжіліс залында «Орта тапты қалыптастыру: жағдайы мен келешегі» тақырыбында дөңгелек
үстел отырысы өтті. Бұл шараға қазақстандық және шетелдік сарапшылар, Еуразия
экономикалық комиссиясының, Өндірісшілер мен кәсіпкерлердің Халықаралық
конгресінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ресей сауда-өндіріс
палатасының өкілдері, сондай-ақ жалпыресейлікшағын және орта кәсіпкерліктің«Опора России» қоғамдық ұйымының делегациясы, бірқатар қазақстандық
жоғары оқу орындарының басшылары мен ПРООН және ЭЫҰ секілді Халықаралық ұйымдар
өкілдері қатысты.

Дөңгелек
үстел отырысы басталар алдында облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова
қонақтарға Қызылорда облысының экономикалық даму бағыты жайлы қысқаша ақпарат
беріп өтті.

Отырысты ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қонақтарға шақыруды құп алып, шараға қатысқандары үшін ризашылығын жеткізді. Облыс басшысы орта таптың табыс деңгейімен, тұтыну стандарттарымен және меншік иесі болуымен анықталатынын атап өтті. Бірақ мұнымен ғана шектелуге болмайды.
Білімділік деңгейі де үлкен маңызға ие. Бизнес өкілдерінен бөлек оларға
интеллигенцияны, басқарушылар мен жоғары санаттағы жұмыскерлерді қосуға болады.

Республикада жалпы ішкі өнім
өндірудегі шағын және орта бизнестің үлесі орта есеппен 25 пайыз шамасында.
Елбасымыз болашақта бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізуге тапсырма беріп
отыр. Ал біздің аймақта ол 11 пайыз шамасында ғана. Әрине, бұл бізді
қанағаттандырмайды. Сондықтан да қандай механизмдер және құралдар көмегімен бұл
салада өсу динамикасына қол жеткізуге болатыны туралы сарапшылар пікірі керек.

Сара Алпысбаева, Макроэкономи­ка­лық
және қолданбалы экономикалық-математикалық зерттеу орталығының директоры:

– Бүгінгі күні орта тап көрсеткіші қандай, елімізде ол қанша
пайызға ие, сол туралы әңгіме қозғауымыз қажет. Оларды анықтау критерийі отбасы
және үй шаруашылығы ретінде қаралады.

Дағдарыстар кезінде ең көп
зардап шегетін орта тап өкілдері. Кәсіпорындар жабылып, штат қысқарады, жалақы
көлемі төмендейді. Кіші және орта бизнесті орта таптың қалыптасқан тұрақты
бөлігін құрайтындығын айтуымыз керек. Яғни, өз жұмыс берушісіне тәуелді емес,
өз табысын өздері құрайтындар. Сондықтан да осы тақырыпты көтеріп отырған
бүгінгі шара үлкен маңызға ие.

Валерий Захаров, Еуразия
экономи­калық комиссиясының кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бөлім бастығы:

– Бүгінгі таңда орта тапты
қалып­тастыруға бізде барлық жағдай жасал­ған. 43 секторға, оның ішінде ауыл ша­руашылығы
саласына да қатысты бір­ыңғай қызмет нарығы құрылған. Бұл жұмысшылардың
біліктілігін бекітпей-ақ қосымша рұқсаттар мен кәсіпкерлік қызметке лицензиялар
алуға мүмкіндік береді. Шағын бизнес өкілдері үлкен өндірістер құра алмайтыны
белгілі.

Қырымбек Көшербаев, облыс
әкімі:

– Қазақстанда қазіргі уақытта
бизнес­ке тұрақты әрі қолайлы жағдай жасалып, жеңілдетілген салық жүйесі,
кепілді, субсидияландыру мен жеңілдікпен несие­лендіру секілді мемлекеттік
қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Дегенмен, бұл қолдаулар негізінен аяғына тік
тұрған шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталуда. Негізін жеке кәсіпкерлер
құрайтын шағын бизнес көп жағдайда мемлекеттік және салалық қолдаудан тыс қалып
жатады. Мәселен, ЖК өз кезегінде ЖШС секілді банктерге кепілдік бере алмайды.
Соған байланысты көптеген адамдар өз бизнесін құра алмайды.

Жүзеге асып жатқан
мемлекеттік бағ­дар­ламалар арасынан «Бизнестің жол картасы-2020» айтуға тұрарлық. Алайда, оны жұмысын бастаған
кәсіпкерлердің басым бөлігі ала алмайды. Өйткені, сапалы бизнес жобасын ұсына
алмайды. Оны кәсіпкерлікке енді қадам басқан жандар емес, кәсіби маркетологтар
немесе жалдаған кеңесшілер жасауы керек.

Әлемде қызмет көрсету саласы
эко­но­миканың үлкен секторына айнал­ды. Оның үлесіне әлемдік ішкі жалпы
өнімнің 62 ден 74 пайызы кіреді. Бұл тауарлар мен сауда көлемінен біраз артық.
Сондай-ақ, бұл салаға еңбекпен қам­тыл­ған адамдардың 63-75 пайызы кіреді.
Біздің елімізде қызмет көрсету сек­торы ішкі жалпы өнімнің 57 пайызын және
еңбекпен қамтылған барлық тұрғындардың 55 пайызын қамтып отыр. Былайша жаман
көрсеткіш емес. Әйтсе де, қызмет көрсету саласының басым бөлігі шикізіт
саласына тиесілі. Демек, қызмет көрсетуші кәсіпорындар жағдайы әлемдік мұнай бағасына
тәуелді. Бұны осы саладағылармен бірге жаңа қиындықтарды бастан кешіп
отырған мұнайсервистік компаниялары
мысалынан көруге болады. Ал шын мәнінде қызмет көрсету саласының дамуы
жұмыссыздық санын барынша азайтуға қабілетті. Әйтсе де, республиканың экономикалық
белсенді тұрғындарының басым бөлігі өзін- өзі қамтамасыз етушілер болып
табылады. Оларды кәсіпкерлік ортаны толықтырушылар ретінде қарастырған жөн.
Сарапшылардың ортақ пікірі бойынша орта таптың үлесінің көбеюіне шағын және
орта бизнес үлкен үлес қосуы мүмкін.

Кәсіпкерлердің «Атамекен»
Ұлттық палатасының деректері бойынша елмізде1,6 млн кәсіпкер тіркелген болса, соның 900 мыңнан астамы белсенді
кәсіпкерлерге жатады. Оның ішінде 2,5 мыңы ірі, 20 мыңы орта (жылдық айналымы
100 млн теңге) кәсіпкерлер бар. Қалған 850 мыңнан астамы мемлекет қолдауына
зәру шағын және микробизнес өкілдері.
Ұлттық палата төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінгі таңда Қазақстанда шағын және
орта бизнесті дамыту мәселесі өткір күйінде тұрғанда Ұлттық банктің ашық та
түсінікті саясаты қажет деп санайтынын жеткізді. А.Мырзахметов дөңгелек үстел
отырысы шағын және орта бизнесті дамыту жолдары және оның жолындағы
кедергілерді жою жөніндегі ойларды билікке жеткізудің жақсы құралы болатынын
атап өтті.

Отырысқа «Халықаралық сауда
орта­лығы» ААҚ бас директорының аға кеңесшісі, Ресей Федерациясының
сауда-өнеркәсіп палатасы ТМД және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық
интеграциясы мәселелері бойынша Комитеті төрағасының орынбасары Борис Пастухов
та қатысты. Аға ұрпақ өкілдері бұл кісіні КСРО Комсомол ОК бірінші хатшысы
ретінде біледі.

– Мен Қызылорданы алыс
түкпірдегі провинция ретінде емес, керісінше Қазақстанның тез дамып келе жатқан
өлкесі ретінде өзіме ашып отырмын, – деді ол. – Байқоңырда болғанда ресейлік
іскер ортаның бірлескен бизнесті дамытуға қолайлы жағдайларға назар аударуы
керек деген ойға келдім. Мәселен, Ресейде топырақтың құнарлылығын арттыруға
бағытталған нанотехнологиялар бар. Оны осы жерде қолдануға әбден болады.

Шағын және орта бизнесті
дамыту және орта тапты қалыптастырудың халықаралық тәжірибелері туралы Өнді­ріс­шілер
мен кәсіпкерлердің Халық­аралық конгресінің вице-президенті Владимир Колмогоров
айтып берді. Ол тұрғындардың 90 пайызы орта тапқа жататын Жапония тәжірибесіне
назар аудару қажеттігін жеткізді.

– Қызылорда өзінің
географиялық қо­лайлы орналасуымен ірі көлік-логис­ти­калық орталық бола алады,
– деді өз сө­зінде «Almaty Management University» Ха­лықаралық бизнес академиясының пре­­­зи­денті
Асылбек Қожахметов. – Өкі­ніш­ке орай, аймақтардағы шағын және орта бизнестің
даму деңгейі қана­ғат­тандырмайды. Бұл бағытта батыл қадам да жасалуы тиіс.

Ұлттық экономикалық
университеттің ректоры Кшиштоф Рыбиньски бұрынғы кеңес одағы елдерінде
кәсіпкерлік өз деңгейінде дамымай отырғандығына назар аударды. Сондықтан
жағдайды дұрыстау үшін көп күш салу керек. Кезінде Польша мемлекеті бұл
бағытта қателіктер аз жіберген жоқ.
Әйтсе де, дамыған елдер тәжірибесін кеңінен қолдану арқасында аз уақыт
аралығында ел экономикасын көтере білді. Қазақстан бүгінде жастарды оқытуға
үлкен мән беруі керек.

– Қазақстанның болашағы –
мұнай емес, мектептер мен жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастар, – деді ол
сөзінің соңында.

Алқалы жиынның соңында сөз
алған «Опора России» жалпыресейлік қоғамдық ұйымының президиум мүшесі Ирина Алехина
орта тап мемлекеттің болашағы деп есептесек, оның дамуы туралы бүгін іске көшу
керек деген ойын жеткізді. Ең бірінші, кәсіпкерлік кадрларын дайындауды
қазақстандық мектептер мен жоғары оқу орындарында жолға қойған дұрыс. Бұл
міндетті қазіргі күні ресейлік университеттер жақсы жолға қоюда.

Отырысты қорытын­дылаған
Қырымбек Елеуұлы өте мағыналы кездесу болғанын атап өтіп, барлық қонақтарға
алғысын білдірді. Осында айтылған барлық құнды ойлар журнал бетінен орын алатын
болады. Сонымен бірге Қызылордада болған осы дөңгелек үстел отырысын алдағы
жылдары да дәстүрлі кездесуге айналдыру туралы ойын жеткізді.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз