ҚОС АУДАНДАҒЫ ҚУАНЫШ

48

0

ҚОС АУДАНДАҒЫ ҚУАНЫШ

Шиелі мен Жаңақорғанда жаңа мектептер пайдалануға берілді

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі және Жаңақорған
аудандарында болды. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына
қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдар жұмысымен танысты.

Шиелі ауданындағы Бестам ауылының өрендері ұзақ жылдан бері ескі мектеп
ғимаратында білім алып келді. «Сабақты ине сәтімен” демекші оңды істің орайы
келіп, биыл бестамдық өрендер жаңа оқу жылын еңселі ғимаратта қарсы алмақшы.
Өткен жылы мектептің қазығы қағылып, енді сол білім ордасы елдің игілігіне
айналды. Мектептің ашылу салтанатында сөз алған облыс басшысы ендігі кезекте
жергілікті ұстаздарға білім беру саласында тыңғылықты жұмыс атқарып, жемісті
еңбек етуге барлық мүмкіндік жасалып отырғанын жеткізді.

Облыс әкімі аудандағы сапары барысында Шиелі кентінде орын тепкен «Мөлдір”
дәріханасына аялдап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Бұл орын бүгінгі күннің
талаптарына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Онда қажетті дәрілерді
арнайы роботтар заматында тауып бере алады. Ал «Гигант” ауылындағы «Бидайкөл”
шаруа қожалығы жылда 1000 гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп
келеді. Олардың ішінде бау-бақша өнімдерін егуге де мән берілген. Қожалық
жетекшісі Әбжаппар Тұрманұлы облыс әкіміне аяқ су мәселесі толық шешілгендігін
айтып, өнім деңгейі жоғары екендігін жеткізді. Аймақ басшысы келесі кезекте
«Көкшоқы” елді мекенінде орын тепкен химиялық сақтау және жөнелту орталығының
жұмысымен танысты.

ҚОС АУДАНДАҒЫ ҚУАНЫШЖаңақорған ауданындағы «Сүтті­құдық” ауылының тұр­ғын­дары үлкен қуанышқа
кенелді. Мұнда ашылған білім ордасы 600 оқушыға арналған. Белгілі мемлекет және
қоғам қайраткері Б.Аралбаев атындағы №52 мектеп өрендері енді жаңадан пайдалануға берілген мектеп
ғимаратында білім алады. Жергілікті тұрғындармен жүздескен облыс басшысы мектеп
ұжымына жоғары жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді. Аудан орталығында
орын тепкен «Жалын” балабақшасы «Қазатомпром” компаниясының демеушілігімен
салынған. Оны «Промстройсервис” ЖШС сапалы түрде толық атқарып шықты. Облыс әкімі
күрделі жөндеуден өткізілген аудандық орталық кітапханаға аялдап, ондағы
жасалған жұмыс барысына зер салды. Бұл ғимараттың жөнделуіне 23 млн. теңге
көлемінде қаржы қаралған.

 

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі, Жаңақорған аудандары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз