ҚОСАСАР

215

0

ҚОСАСАРСыр бойындағы асарлардың тарихы өткен ғасырдың орта шенінен бері зерттелгенімен, құм құндағындағы мекендердің құпиясы әлі күнге дейін толық ашылып біткен жоқ.  Біз Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеевтің көмегімен қазба жұмыстары жүргізілген асарлар туралы деректерді оқырмандар назарына ұсынуды бастаймыз. 
Шіркейлі Қосасары – Шығыс асарлардың ішіндегі ең үлкені болып саналады. Бұл топқа кіретін қалашықтарда мықты қорғаныс жүйелер мен құрылыс орындарын байқауға болады. Қалашықтың ортасында ірі құрылыс, қамалдың жанында қолдан қазылған арықтар орын тепкен. 
Шығыс асарлар қалашықтарының бүгінгі жай-күйі өте қауіпті жағдайда десек болады. Олар қазіргі уақытта күріш алқаптарының ортасында қалғандықтан үнемі жерасты ыза судың және антропогендік факторлардың әсерінен  қарқынды бұзылуда. Со¬нымен қатар, Қара асар қалашығының топырағын 80-жылдары тас жол құры¬лысына алғаны аздай, содан пайда болған жарға оқ атуға арналған арнайы қабырға мишеньдерін орнатып, оқу-жаттығуларын өткізетін орынға айналған. Құлке асар жанында орналасқан «Бәйге төбе» деп аталатын  обаға ұқсас ескерткіш «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салыну барысында тегістеліп кеткен. Сонымен қатар, Көктонды обасының үстіне қазіргі кездегі бейіттер түсіп жатыр.
Жетіасар қалашықтары орна¬ла¬суы¬ның тығыздығы, құрылымы және мерзімі тұрғысынан алғанда қайта кешенді зерт¬теулерді қажет етеді. 
Осы мақсатта 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі Ә. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Археология және этно¬графия» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп, өзіндік ерекшелігіне қарай Шір¬кейлі Қосасарын қазба жүргізілетін нысан ретінде таңдап алды. 
Шіркейлі Қосасарын Сырдария ау¬даны, Н.Ілиясов ауылынан оңтүстік-ба¬тысқа қарай 5,5 шақырым жерде ор¬на¬ласқан. Архео¬логиялық зерттеу жұ¬мыс¬тары нәти¬жесінде Шіркейлі Қос¬аса¬рын б.з. V-ІХ ғасырларда өмір сүрген деп мерзімдейді. 
Бұл асар С.Толстовтың класи¬фи¬ка¬циясы бойынша үшінші асарлар тобына жатады, яғни мықты қорғаныс жүйесі бар, сонымен қатар ішінде көптеген әртүрлі тұрғын үй құрылыстары бар қамалдар. Қала алып дуалмен қоршалған. Дуалдың сақталған биіктігі бүгінгі таңда 3-4 метрді құрайды. Қамалдың ішінде, шығысы мен батыс бөлігінде құрылысы жағынан ұқсас екі асар (бекіністі үй-жай) орналасқан. Археологтар бұл үй-жайларды шартты атауларына сәйкес кіші үйді – Қосасар І, үлкен үйді – Қосасар ІІ деп атаған. Сонымен қатар, Қосасар ІІ-нің оңтүстік бұрышынан шығысқа қарай 60 метр жерде, қаланы қоршап тұрған дуалдың ішкі бөлігінде жоспары төртбұрышты үшінші  құрылыс (төрткүл) орналасқан. 
Қосасар І қаланың шығысында тұр. Асар екі қабаттан тұрады, шы¬ғысындағы екінші қабаттың жос¬пары шеңберлі, ал астыңғы үлкен құры¬лыс¬тың жоспары алтыбұрышты келген. Қосасар ІІ Қосасар І-ден батысқа қарай 500 метр жерде, жалпы қаланың ба¬ты¬сында орналасқан. Бұл асар да екі қабаттан тұратын құрылыстан салынған. Үй-жайдың ұзындығы 60 метрге тең қорғанысты жүйесі бар жеті қабырғасы құрылыстың жоспарын көпбұрышты етіп құрап тұр. Биіктігі 5-6 метр. Бұл асардың да шығыс бөлігінде жоспары сақталмаған үстіңгі құрылыс орны бар. Асардың оңтүстік қабырғасында қақпаның ізі байқалады. 
Төрткүлдің қабырғаларының биік¬¬¬тігі 3-4 метр, қалыңдығы 2-2,5 метр. Оңтүстік бұрышында жоспары төрт¬бұрышты құрылыс бар. Ал қалған бұрыштарында диаметрі 3-3,5 метр мұнаралары бар. Шіркейлі Қосасары құрылысы жағынан Алтын асарға ұқсас келеді. Онда да үлкен және кіші үйлер мен жоспары төртбұрышты «керуен сарай» орналасқан. 
Далалық маусымда табылған жәді¬гер¬лер бойынша Шіркейлі Қосасары қала¬шығының беткі құрылыс қабаты ІХ ғасырға дейін өмір сүрген деп айтуға мүмкіндік береді. Шіркейлі Қосасары қалашығынынан табылған негізгі археологиялық материал – керамика. Қыш ыдыстар барлығы дерлік жапсырмалы әдіспен жасалған. Тек беткі қабаттан табылған бірнеше керамика фрагменттері ғана көзеші шарығында дайындалған. Өрнектелген ыдыстар аз, геометриялық өрнектер, ойып жасалған және мөрленген зер түрінде кездеседі. 
Керамикалық материалдарға қоса сүйектен (бұғы мүйізі) жасалған бұйым¬дар, белдік доғасы, шыны бұйымдар, қола қазан тұтқасы, кішкене қола қоңырау, қайрақ тастар және мыс тиындар табылды. Шіркейлі Қосасары қалашығының керамикалық кешенін ІХ-ХІІ ғасыр деп мерзімдеуге және  оларды жетіасарлық және Жанкент қалашығының оғыздық керамикаларына жақындығын көрсетуге болады.
М.МЕРЕЙ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз