ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

64

0

ОТАН ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІКеше Асқар Тоқмағамбетов атын­дағы мәдениет үйінде «Мәңгілік ел
болашағы – біртұтас ұлт» атты облыстық патриоттар форумы өтті. Облыстық ішкі
саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары
Рауан Кенжеханұлы қатысты.

Бүгінде Патриоттар форумы жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жиынға
айналды. «Отан­сыз адам болмас, ормансыз
бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген
киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен
бастау алады. Бүгінде біздің санамызда отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен
егіз ұғымдар болып қалыптасты. Сондықтан әрбір қазақстандық өзінің
жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек. Сонда отаншылдық сезімі бар
азамат елдің мерейін тасытып, беделі артады. Оған патриоттар форумында марапат
биігіне көтерілген жерлестеріміздің ерлігі дәлел.

Форумның ашылу салтанатында сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Рауан
Кенжеханұлы: – Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев «Патриот болу – елді жүрегінде ұстау. Ол – перзенттік парызымыз, аза­мат­тық
міндетіміз» – деген еді. Саналы азаматқа үлкен ой салар отаншылдық сезімі
жауапты азаматқа жүктелер сын. Әлбетте, бұндай қасиет өздігінен дарымайды. Ол
тәрбие арқылы беріледі. Еліне жанашыр азамат қашанда мемлекетінің патриоты бола
алады. Туған еліне қалтқысыз еңбек етіп, отаншылдыққа сай болуымыз бабалар
алдындағы парызымыз. Парасатты отаншылдық бүгінгі жастарымыздың бас­ты міндеті.
Отанына адал, сөзге берік, іске бейім патриоттарымыздың бүгінгі форумына облыс
әкімшілігі атынан сәттілік тілеймін, – деді.

Шара барысында Рауан Кенжеханұлы «Қоғамға қызмет», «Бейбіт күннің
батыры», «Қамқорлық», «Жүрек жылуы», «Шы­ғармашылық жеңіс», «Кәсібінің үздігі»,
«Үздік спортшы», «Ұлағат», «Ұшқыр қалам», «Қажырлы қайрат», «Жігерлі жас»,
«Патриот» номинациялары бойынша түрлі сала үздіктерін марапаттап, оларға абырой
биігіне шыға берулеріне тілектестік білдірді. Форум соңы өнерпаздардың
концертіне ұласты.

Нұрбек Дәуренбеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз