ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

99

0

ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫТәуелсіздік
мерекесі қарсаңында қала орталығындағы Жібек жолы көшесінің бойындағы «Арай”
ойын-сауық кешені пайдалануға берілді. Кешеннің ашылу шарасына облыс әкімі
Қырымбек Көшербаев пен Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов
қатысты.

– Құрметті жерлестер, бүгін
қызылордалықтар және қала қонақтары үшін ерекше күн. Еліміз тәуелсіздігінің 23
жылдық мерекесіне тарту ретінде «Арай” ойын-сауық кешені іске қосылып отыр, –
деді кешеннің ашылу салтанатында облыс
басшысы Қ.Көшербаев. – Әлемдік стандартқа сай келетін бұл спорттық сауықтыру
кешені халық игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Рас, облыста бірқатар маңызды
деген жобалар жүзеге асырылуда. Дегенмен, бұл нысанның орны бөлек. Ол адам
денсаулығын сауықтыру бағытында кешенді жұмыстарды жүзеге асырады. Әрі оны
сырттан келген меймандарға ұялмай көрсете аламыз. Сонымен қатар бұл нысан
әлеуметтік мәселелерді шешуге де өз үлесін қосады. Соның бастысы, бұл нысанда
400 адам жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, ойын-сауық кешенін
«Мелиоратор” ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында салды.
Елбасы осы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлігін өрістетемін дегендерге қолдау
көрсету қажеттігін тапсырған болатын. Мемлекет басшысының сол тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында осы ойын-сауық
кешеніне кеткен 2,8 млрд. теңге қаржының жартысын мемлекет көтеріп отыр. Әрине,
халық үшін қызмет көрсететін маңызды деген осындай нысандар болса, олар ешқашан
көмектен қағажу қалмайды.

ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫӨз кезегінде сөз алған «Мелиоратор” ЖШС
директоры Бердібек Мыханов жиналған қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап,
нысанды салуда мемлекет тарапынан қомақты көлемде қаржы алуға қолдау білдіргені
үшін облыс басшысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол осындай күрделі
кешенді белгіленген мерзімінде әрі сапалы салған серіктестік құрылысшыларына да
алғысын айтты.

Шара соңында облыс басшысы ойын-сауық
кешенін аралап көрді. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы шеңберінде
жүзеге асырылды. Сауықтыру орнында мың адамға арналған аквапарк, 400 адамға
арналған мейрамхана, 1500 адамға арналған ойын павильоны мен басқа да қосымша
қызмет көрсету нысандары бар. Заманауи талаптарына сай келетін, сәулеті
келіскен ғимараттың бір ерекшелігі, ол қыстың қытымыр аязына қарамастан қала
халқына және қонақтарға жаздың жаймашуақ жылулығы мен сұлулығын сездіреді.
Яғни, енді көпшіліктің тек жазда ғана емес, сонымен қатар қыс айларында да суға
түсіп, демалуларына қолайлы жағдай жасалған.

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз