“ПАРЫЗ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

45

0

“ПАРЫЗ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ«Парыз-2015” конкурсының «Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары кәсіпорын” аталымы бойынша екі бірдей қызылордалық компания жеңімпаз болып танылды. Ірі кәсіпкерлік нысандарының арасында Серікжан Сейітжанов басқаратын «Саутс-ойл» серіктестігі жүлдегер атанса, орта және шағын кәсіпкерлік нысандары бойынша Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиевтің басқаруындағы «Абзал және К» компаниясы тағы бір мәрте осы биіктен көрінді. «Тағы бір мәрте” деп отырғанымыздың себебі бар. 2011 жылы аталған компания нақ осы аталым бойынша алғашқы орынды иеленген болатын. Ал «Парыз” конкурсына 2009 жылы тұңғыш рет қатысқан «Абзал және К” толық серіктестігі «Үздік әлеуметтік жоба” аталымы бойынша үшінші орын жүлдегері атанған еді.

«Парыз” сыйлығының шағын кәсіпорындарға берілетін алтын мүсінін лауреаттарға Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева тапсырды. Сыйлық серіктестік директоры Абзал Ерәлиевке
табысталды. Айта кетейік, «Абзал және К” компаниясы Сырдария ауданындағы екі
бірдей ауыл – Н.Ілиясов және Бесарық елді мекендерін дамытуға, яғни білім беру,
спорт, мәдениет және инфрақұрылым салаларын дамытуға сүбелі қаржы бөлуде.

«Парыз-2015” байқауында отандық
кәсіпорындар арасында топ жарған жерлестерімізді құттықтаймыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз