Пікір-пайым

128

0

Пікір-пайымҚуанышқали ШАПШАҢОВ,
Қызылорда облысының құрметті қайраткері:
– Аймақ басшысының кезекті есеп беруінде айтылған ақжолтай жаңалықтар, игі бастамалар, жаңа жобалар Сыр елі¬нің болашағы бекемделе түскенін айғақтайды. Өздеріңіз көргендей, экономикалық-әлеуметтік сала көрсеткіштері рес-публикада көш бастап тұр. Қаржылық дағдарыс кезеңінде қайырлап қалмай, дамудың даңғыл жолынан табылуымыз – Елбасының еңселі еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, ¬Президент тапсырмаларын облыс басшылығы толық¬қанды жүзеге асыруының арқасында қол жеткізіп отырмыз.
Өзіміз куә болғандай, еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев тұрғын үй құрылысы қаншалықты қарқынды жүргізілгенін Астана қаласымен салыстыра отырып жеткізді. Аймақтар арасындағы көшбасшылық тек құрылысқа қатысты емес, экономиканың өзге салалалары бойынша да көштің басындамыз. Яғни, өткен жыл – Сыр елі дамуындағы серпінді жылдар тарихынан ойып орын алары даусыз. Облыс әкімі өз сөзінде «қара алтын» өндіру көлемінің қысқару көрсеткішінің көп бөлігі біздің облысқа тиесілі екендігін айтты. Сонда да болса, облыс бюджетін арттыруға қол жеткіздік, шикізаттық емес секторды дамыту арқылы жалпы өңір өнімділігі еселене түсті. Демек, аймағымыздың экономикасы бәсекелестік пен кез келген қиындықты жеңе алатын жағдайға жетті деп есептеуге болады.

Пікір-пайымҚайреддин БАЙМАХАНОВ,
«Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы:
– Кездесуде көтерілген басты мәселелердің бірі, көпшілікті риза еткен жаңалық – Байқоңыр тұрғындарының жайы. Ондағы жерлестеріміздің білім алуы мен денсаулығы бүгінде басты назарда тұр. Аймақ басшысы бұл жетістікке оңай қол жетпегенін, бірнеше жылдар қажет болғанын айтты. Әйтеуір, олардың өз елінде өгейсімейтін болғаны көңілге ерекше қуаныш ұялатады.
Сыр елі жырдың елі ғана емес, ұлттық руханияттың, ұлттық салт-дәстүрдің қайнар көзі. Облыс әкімі халықпен кездесуінде бұл бағамға ерекше тоқталды. «Сыр – Алаштың анасы» деген Елбасы қойған атау бар. Осы қазақылық қасиетімізбен өзгелерге өнеге-үлгі болуға тиіс екендігімізге ерекше тоқталды. Жастарға патриоттық тәрбие мен сапалы білім беру жолында да талмай еңбек етуге тиіс екендігімізді ерекше атап өтті. Меніңше, Сыр елі жастарға көрсетіліп жатқан қолдау жөнінен де көпке үлгі боларлық қадамдар жасауда.
Пікір-пайымНұрмұрат ЕРМАНОВ,
«Хақ нұр» адвокаттар кеңсесінің басшысы,
ҚР Мәслихаттарының құрметті депутаты:
Өткен жылға өкпе жоқ, өнеге көп. Облыс әкімі Қ.Көшер¬баевтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде берген есепті кездесуінен осындай ой түйдім. Қай салаға қайырылсам да, қайтарымды еңбектің құны бар, көлкөсір көрсеткішті көремін. Демек, мемлекет ұсынған мүмкіндікті билік пен халықтың үйлесімді ісі ұтымды пайдаланды.
Бір ғана мысал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асты. Соның ішінде екінші бағытпен 2,2 млрд теңгенің 800 несиесі беріліп, 440 адам өз кәсібін ашқан. Бұл деген кәсіпкерлікті жандандырудың ғаламат нәтижесі. Жыл сайын осы серпін сақталса, Сыр елінде кәсіпкерлік саланың серпілісі  едәуір деңгейге көтерілетін болады. Мұның жұмыссыздықты жоюға да септігі мол.
Ал, енді облыс басшысы айтқандай, білім, денсаулық, спорт, мәдениет салаларында жыл жемісі жетерлік.  Шынында, жүйелі жұмыстар жиынтығы әрбір салаға тән әлеуетті қайратты байқатты. Аймақтың жылдық бюджеті 238 млрд теңгеге жетуінің өзі істің ілгері басып, өрістің кеңейгенін көрсетеді. Есепті кездесуден біз осындай шат көңілмен шықтық.

Кішкене АЙБОСЫНОВ,
Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Облыс әкімінің халыққа берген есебін тыңдап, жыл бойы ауқымды жұмыстар атқарыл¬ғанына куә болдық. Қазіргі таңда дағдарысқа байланысты жұмыстан қысқартулар орын алғанымен, есесіне жаңа жұмыс орындары ашылып, жұртшылық нәпақасын табуда. Бұл аз болсын, көп болсын, елге жасалған қамқорлық деп білемін.
Аймақ басшысының баяндамасында айтылған облыс үшін аса маңызды Аралды қайтару жобасы туралы айтқым келеді. Жасыратыны жоқ, жобаның бірінші кезеңінің арқасында атакәсіп – балық шаруашылығын жандандыруға жағдай жасалуда. Соңғы екі жыл қатарынан болықшылар слетін өткізу дәстүрге айналса, өткен 4 жыл мерзімде балық өндіру көлемі 65 пайызға өсіпті. Айдынды Аралдан ауланған су маржанын өңдеу көлемі 2,5 есе, ал балық өнімдерінің экспорты 3 есеге артуы – атакәсіптің жанданғанының айқын дәлелі.
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы өз баяндамасында жобаның екінші кезеңіне үміт артатынын жеткізді. Сол үміт аралдықтардың да көкейінде тұр. Енді өзбек ағайындар осы жобаға үн қосса, құба-құп болар еді. Осынау ғасырлық жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру Аралдың тайдай тулаған балықтарын қайтарып қана қоймай, өңірдің қоршаған орта жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік берері анық.
Сөз соңында Алаштың анасы атанған Сыр елі Тәуелсіз еліміздің ең алдыңғы аймағы болсын деп тілеймін. Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, аудан халқының атынан қамқорлығын аямаған Елбасына алғыс айтқым келеді.
Жақсыгүл ТОҒАНОВА,
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Ұрпақ тәрбиесін ұлт тағдыры деп білген қазақ халқы үшін оқу мен тәрбие – егіз ұғым. Білім саласының дамуы – бүгінде өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының бас¬ты көрсеткіші. Сондықтан бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген стратегиялық бағдарламалардың тірегі болып келеді.
Аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты талдау жасаған есебінде облыс әкімі осы білім мәселесіне ерекше екпін бере сөйледі. Білім беру жүйесін қаржыландыру көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Шағын орталық, балабақша мен мектептер көптеп пайдалануға берілуде. Бүгінде біздегі балабақшалардың 70,8 пайызы – жекеменшік. Елбасы осы орайда халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің облыстағы оң тәжірибесін үлгі ретінде атады.
Біз, педагогтар, облыс басшысының қамқорлығын сезініп келеміз. Көптеген үздік ұстаз, өз кәсібінің шеберлері жылда марапат бигінен көрініп жүр. Әрбір мемлекеттің келешегі осындай білім ошақтарында шыңдалатынын ескерсек, бұл ел болашағы жолындағы маңызды қадам дер едік.

Пікір-пайымОразғали БЕКБАНОВ,
Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Кеше облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының есебін тыңда¬дық. Қыруар жұмыстың жасалғанын көзімізбен көріп жүрміз. Мұның бәрін жалпақ жұрт жақсы біледі.
Қазалылықтар үшін өткен жыл табыссыз емес. Көптеген игі іс тындырылды. Елдің есінде қаларлықтай жағымды жаңалық баршылық. Ауданның экономикасын одан әрі дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыра түсуге бағытталған игі іс-шаралар көрініс тапты.
Соның бірі азаттығымыздың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазалы ауданында ашылған «Тәуелсіздік» аллеясы. Аллеяның ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаевтың өзі қатысып, оң бағасын берген болатын. Бүгінде аллея, әсіресе, жастарға елдік тәрбие беруде таптырмас орынға айналып отыр.
Бұл жұмыстар биылғы жылы да өз жалғасын таппақ. Соның бірі – Қазалы қаласына 150 жыл толуына орай жоспарланған жұмыстар. Жалпы, Қазалы қаласы – тарихи қала. Кезінде  уезд орталығы болған. Бұған қазіргі Қармақшы, Арал аудандарының жері қараған.
Биыл облыс әкімінің тікелей қолдауымен мерейтой аясында қала бойынша көптеген жұмыс атқарылмақ. Қала мен кенттің екі ортасын қоса отырып, саябақтарды жаңарту, көшелерді жөндеу, орталық базар салу секілді халық үшін ең қажетті жұмыстар. Қазірдің өзінде қалада ауыз су және электрмен жабдықтау жұмыстары жүруде. Осы жұмыстарға ерекше қолдау білдірген облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына Қазалы ауданы тұрғындарының атынан рахметімді айтамын.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз