ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ҚАРМАҚШЫДА БОЛДЫ

87

0

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ҚАРМАҚШЫДА БОЛДЫ30 мамырда Қызылордаға  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай бастаған делегация келді. Делегаттар Бірінші Арал халықаралық форумына қатысып, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде және Жосалы кентіндегі  «Жыраулар» үйінде, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде  болып, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
 «Қорқыт Ата» атындағы мемориалдық кешен мен   «Байқоңыр» ғарыш айлағы  Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында  туристер келетін нысандардың тізіміне енген.  Мәртебелі меймандар кешеннің зиярат  ету орталығы мен мұражайын аралап көрді.  
   Қармақшы  – әйгілі жыршы, жырауларымен  даңқы шыққан аудан.    Гүлшара Әбдіқалықова мен Дархан Мыңбай аймақтағы  дәстүрлі өнер   тарихымен танысып, жас жыраулардың өнерін тамашалады.  Содан соң құрметті қонақтар алдында атақты жыраулар – Бидас Рүстембеков пен Алмас Алматов  өнер керсетті.  ҚР Мемлекеттік хатшысы жергілікті өнерпаздардың өнерін жоғары бағалады.
   Сондай-ақ, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы және  ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері  кеңінен  талқыланды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз