ӘР ПЕРЗЕНТКЕ – БІР ТАЛ

58

0

ӘР ПЕРЗЕНТКЕ – БІР ТАЛСәрсенбінің сәтінде «Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған акция осылай аталды. Бұл шараға «Ақжол” демократиялық партиясы мен «Қазақстан коммунистік халық партиясы” облыстық комитеттері қолдау білдіріп, атсалысты.
Акцияның мақсаты – аймақ тұрғындарын тазалық сақтау және көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жұмылдыру, сондай-ақ әрбір перзент үшін ағаш отырғызу және ол ағаштарды аялауға шақыру.
Аталмыш шара партия филиалының мәжіліс залында баспасөз конференциясымен басталып, онда сөз алған партия ардагерлері Алма Ақдәулетова, Сәмит Далдабаев, Сексенәлі Раханов, «Қазақстан коммунистік халық партиясы” облыстық комитетінің бірінші хатшысы Талғат Телеубаев, «Ақжол” демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Асанов қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау әрбір саналы азаматтың басты борышы екендігін, сондықтан табиғат тазалығы қашан да маңызды мәселе болып қала беретіндігін тілге тиек етті.
Бұдан соң акция орталық алаңдағы «Еңбек ерлері” аллеясына ағаш отырғызу рәсіміне жалғасып, ондаған түп жас шыбықтар егілді.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз