ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

84

0

 
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндіру мен олардың іске асырылу барысымен танысу үшін Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапарының барысында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан инфрақұрылым нысандары мен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан қолжетімді баспана құрылысының барысымен танысады.
Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрін Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының реконструкциялау жұмыстарымен және АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары туралы ақпараттандырады.
Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысының активі мен жұртшылығының қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту тақырыбында кеңес өткізеді деп күтілуде.  
Бұдан кейін, Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің кәсіпкерлер қауымдастығымен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, қайта реттеу, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, жұмыс сапарының кестесінде Бақытжан Сағынтаевтың ғылыми және шығармашылық зиялылар қауымымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іске асырылу барысын талқылау бойынша кездесуі өтеді деп жоспарланған.
Анықтама:
Қызылорда облысы – елеулі экономикалық әлеуеті мен табиғи ресурстары бар аграрлық-индустриалды өңір. Облыста мұнай-газ саласы, уран өнеркәсібі және құрылыс индустриясы дамып жатыр. Облыстың ЖІӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі 37,3%, ауыл шаруашылығы – 3,6%, құрылыс – 5,2%, сауда – 8,6%, көлік – 11,4%, басқалары – 33,5% құрайды. Облыс республика бойынша күріштің 90%-ын шығарады.

primeminister.kz сайты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз