ӘР САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

45

0

ӘР САЛАДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық
етуімен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәжіліс өтіп, оған
аудан әкімдері, бірқатар басқарма басшылары қатысты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселе, білім және
денсаулық сақтау саласының ахуалы бойынша облыс әкімінің орынбасары Рауан
Кенжеханұлының хабарламасы тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары өз хабарламасында
3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы, оқушыларды
оқулықпен қамтамасыз ету және кадр мәселесіне тоқталды. Сонымен бірге,
мұғалімдердің біліктігін көтеруге көңіл бөлу керектігі айтылды. Денсаулық
сақтау саласы бойынша да мамандар біліктілігін арттыруға жіті назар аудару жайы
сөз болды.

Онан соң облыстық табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов балық шаруашылығын
дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Бүгінгі күні облыс аумағында балық шаруашылығында
жергілікті маңызы бар 180 су айдыны есепке алынған. 39-ы резервтік қорда тұр. Соңғы жылдары облыс
аумағында балық аулау жыл сайын артып, ТМД және Еуропа елдеріне экспортталуда.
Атап айтқанда, Ресей, Грузия, Әзербайжан, Дания, Польша мемлекеттеріне
жеткізілген.

Осы орайда облыс әкімі резервтік қорда тұрған су
айдындарын пайдалануды, заңсыз балық аулуға жол бермеуге бақылауды күшейтуді
тапсырды.

Мәжілісте, сондай-ақ,ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Бекішов
егін жинау науқанының жүргізілу барысын баяндады.

Ағымдағы жылы аймақта 163 мың гектарға дәнді дақылдар,
көкөністер егілген. Күріш 84 мың гектарды құрайды. Қазіргі уақытта күріш
шаруашылықтарында жаппай егін жинау науқаны жүргізілуде. Болжам бойынша
биыл гектарына орташа есеппен 50
центнерден өнім алынады.

Сонымен бірге, жиында мал шаруашылығын дамыту жайы да
сөз болды. Белгілі болғанындай, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қаржылық қолдаудың нәтижесінде өңірде төрт
түлік саны артуда. Бағаны тұрақтандыру бағытындағы шаралар да тұрақты
жүргізілуде. Бұл бағытта облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің
жәрмеңкесін ұйымдастыру жолға қойылған.

Сонымен бірге, мәжілісте аймақты газдандыру, құрылыс
мәселесіне қатысты сұрақтар да талқыланды.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз