ІРІ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

39

0

ІРІ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫОсы жылдың 23 желтоқсанында «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелеу комитеті «Жалағаш элеваторын жаңғырту және Қызылорда облысында күріш кластерін дамыту» инвестициялық жобасын мақұлдады.
Жалпы құны 2,3 млрд. теңге болатын жоба облыстың күріш өндірушілеріне өнімді фъючерсті-форвардтық келісімдер арқылы тиімді бағада сатуға және көктемгі егіс пен күзгі науқандарда қаржы жетіспеушілігін шешуге ықпал етеді. Сондай-ақ, серіктестіктерді минералды тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен және ауыл шаруашылығы техникаларына қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету мүмкіндігі молаяды. Бұл өз кезегінде шаруашылықтардың науқанды табысты аяқтап, пайдаға шығуына кепілдік береді. 
Жоба аясында күрішті терең өңдеу жөніндегі инновациялық жобаларды енгізе отырып жаңа өндірістерді, күріш шикізаты мен өңдеуден шыққан қалдықтарды пайдаланатын ілеспе кәсіпорындар ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, өңірдің күріш егетін  шаруашылықтарына тыңайтқыштар, жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы бөлшектер және басқа да материалдық құндылықтарды жеткізіп берумен айналысатын сервис-орталықтар құру межеленуде. Күріш қалдықтарынан құрама жем шығару, отын брикеттерін, құрылыс материалдарын, күріш майын және аморфты кремний диоксидін шығару өндірістерін іске асыру қарастырылған. 
Жобаны жүзеге асыру халқының 60 пайыздан астамы ауылдық елді мекендерде тұратын аграрлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлкен белес болары сөзсіз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз