РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ ЖАҢАРДЫ

70

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысында жиын-терін науқанының табысты аяқталуына орай облыс әкімі Қ.Көшербаевтан және бір топ ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінен хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қызылордалықтардың хатында Сыр өңірінің агроөнеркəсіп кешені мемлекет қолдауымен соңғы жылдары қарқынды дамығаны баяндалған. Облыс диқандарының тынымсыз еңбегі арқасында былтырғы рекордтық көрсеткіш тағы да жаңарып, күріштен бұрын-соңды болмаған мол өнім алынғаны хабарланған. «Сыр бойы диқандары 91 мың гектар егістіктің əр гектарынан 55,3 центнерден өнім алып, ел қамбасына жарты миллион тоннадан астам күріш жинады. Облыс күрішшілері осымен бес жыл қатарынан рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр», деп атап өткен хат иелері. Соңында шаруалар өңір жұртшылығы атынан Мемлекет басшысына қамқорлығы үшін зор ризашылық білдіріп, жасампаз бастамаларды іске асыру жолында аянбай еңбек ете беретіндерін айтқан. Хат авторлары арасында Қазақстанның Еңбек Ері, Күріш өндірушілер мен өңдеушілер ассоциациясының төрағасы А.Ерәлиев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Имандосов, «Сыр маржаны» ЖШС директоры М.Өтеев жəне өзге де ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері бар.
«Егемен Қазақстан» газеті.
№206 (29187)
26 қазан 2017 жыл.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз