ӨРЕЛІ ІСТЕРГЕ ӨРІС АШҚАН

62

0

Кәсібі өрге жүзіп, халқы тұрақты жұмыспен қам­тылып,
отбасының нәпа­қасын айырып отырса, аудан үшін міне, сол жетістік. Жергілікті
жұртшылық арасында жұмыссыздық мәселесі шешімін тапқанда ғана аудан экономикасы
жақсармақ. Шиелі ауданында мұндай өрелі істер кең өріс алған. Ауданда
ұйымдастырылған баспасөз туры нәтижесінде қалам ұстаған ағайын маңызы жоғары
кәсіпкерлік нысандарына ат басын тіреді.

Бұл күнде ағарған өңдеудің айы оңынан туып тұр.
Кәсібін төрт түлікпен байланыстырған қазекемнің бұл ретте де өзіндік көзқарасы
оза шапқан. Бірі жылқы байлап, қымыз өндірсе, енді бірі Ойсылқараның сүтінен
түрлі өнімдер шығарып, сатылымға жөнелтеді. Төңкерістегі тиянақты тірлікті
қолына алған Сабыр Ермаханов «Аруана” шұбат өңдеу цехын Алматыдағы Қазақ Ұлттық
аграрлық университетімен бірлесе ашқан. Бұл жоба өңірдің индустриалды картасына
енгізіліп, 5 гектар
көлемді құрайтын жер телімі аукционсыз табысталды. Бұл күнде цех ғимараты жұмыс
істеп тұр. Электр желісі, қосалқы станса, ауыз су құбыры секілді қажеттіліктермен
қамтылған. Үстіміздегі жылдың наурыз айында ашылған шағын цех нарықтан өз орнын
тауып та үлгерді.

Мұнда тұрақты жұмыспен қамтылған 5 адамның бірі –
Қанат Қайранов. Ол – құты өңдейтін аппараттың маманы. Кішкене капсуланы
аппараттың көлемімен шұбат құяр құтыға айналдырады. Осылай келесі бір маманға
жөнелтеді. «Мен Алматыдағы аграрлық университетті биотехнолог мамандығы бойынша
бітірдім. Оқу орнымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін мекеме
жерлестерімізді жұмысқа орналасуға шақырды. Елден жырақ білім алып, туған
жердің төсінде тер төгіп жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды” дейді Қанат.

Технолог Баян Дүйсенбектің мойнына мұндағы негізгі
жұмыстар жүктелген. Осы күнге дейін 8 мың тонна шұбат өндірілген цехта құрт та
арнайы қорапқа салынып, өнделеді. Өнімдерді облыс орталығынан асырып, Ақтөбе,
Түркістан қалаларына жөнелтсе, Жаңақорғаннан да алушылар ынта білдіріпті.

– Біз әзірге тәжірибе жасап отырмыз. Алушылар көбейсе,
жұмыс ауқымын да арттырамыз. Бастысы сұраныс. Сұраныс бар жерде, жұмыстың да
қызатыны анық, – дейді Б.Дүйсенбек.

Мұнан бөлек ауданда маңызды нысандардың бірі қабылдарда
өз талаптарымыз бойынша мұқият тексеріп аламыз, – дейді филиал директоры Асан
Рақышев.

Кәсіпорын өнімдерін тұтынушылар арасында жергілікті
«Қазатомпром” компаниясы бар. Одан бөлек газ, ауыз су құбырларын орнатарда
тапсырыс осы кәсіпорынға келіп түседі. Ал шикізатты Оңтүстік Корея, Қытай
елдерінен алдырады. Мекеме аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп, етене
жұмыс істейді. Өздеріне қажетті мамандарды алдымен жұмыссыздық бойынша
тіркелген тізімнен іздейді. Бастысы, жергілікті халықтың әл-ауқатының
жақсаруына әсер еткені.

Дәулет ҚЫРДАН.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз