РЕСЕЙДЕН ЗАУЫТ САЛҒАН ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕР

52

0

РЕСЕЙДЕН ЗАУЫТ САЛҒАН  ҚАЗАЛЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЖағымдыжаңалықтың ел ішінде жатпасы
белгілі. Бұл жолы да «Аманбай Ресейден балық зауытын салыпты. Зауытында қыруар
адам жұмыс жасайтынға ұқсайды. Оған қоса өңдеу қондырғылары аса қуатты, керемет
көрінеді. Балықтың түр-түрін өңдеп, айналымға шығарады екен. Міне, азамат. Неде
болса Қазалының атын бір шығарды» деген
сөз ауыл арасында желдей ескен еді. Жақсы хабар құлағымызға шалынысымен Аманбай
Ерхатовты кеңсесіне іздеп барғанбыз. Мақсатымыз мән-жайды өз аузынан есітіп,
жұртшылыққа жеткізу еді. Ресейге жол
жүріп кетіпті. Жүздесудің сәті бүгін
түсті. Қабылдауында кісі қарасы баршылық
екен. Кәсіпкер азаматтың қарбалас қимылы «Елім деп еміренгенге уақыт жетпейді»
деген нақылды жадымызға оралтты.

Әбекең жылы жүзбен қарсы алып, сауалыма мұқият жауап
қайтарды. Сөз саптауы, адаммен қарым-қатынасыөмірден көрген-түйгені мол жан екенін аңғартады. Осынау қарапайым
мінезді азаматтың қолға алған ісіне кез келген кәсіпкердің батылы бармасы анық.
Ал Аманбай Ерхатов тәуекелге бел буды. Нарықтың, оның ішінде дағдарыс ызғары
әлемді алқымынан буған шақта қиырдағы
Ресейден қуатты балық өңдеу зауытын салу оңай еместігі белгілі. Шет елден жеке
қаражатына мұндай кәсіпорын ашу, күллі шығынды көтеру, көптеген адамды жұмыспен
қамту шынайы ердің ісі. Алайда Аманбайдыңталабы оңға бас­ты. Мақсаты жүзеге асты.

Аманбайдан білгеніміз, балық өңдеу зауыты Ульяновск облысы,
Димитровград маңына орналасыпты.
Кәсіпкердің өзі мұндай жетістікПрезидентіміздің кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы ұстанымы,
еліміздің экономикалық саясатының
арқасындағы жетістік деп түсінеді.
Зауытта тәулігіне 6,5 тонна балық өнімі
өңделеді. Олардың арасында балықтың табан,
ақ торта, ақ балық, жайын деген түрлері
бар. Өнімді дайындау озық үлгідегі қондырғылармен атқарылады. Бұл
үшін Ресейге жеткізілген табан
балықтың сүбесі тың тәсілмен
өңделіп, аса сапалы дайын өнімге
айналады. Менің көкейімдегіні жазбай
таныған Аманбай Димитровградтан зауыт салғандағы ұтарымыз уақыт үнемдейміз, сапасы
қаз-қалпында өзгермей сақталады. Ең бастысы,жыл бойы жұмыс ырғағы үзілмейді деп ұғындырды. Осы арқылы Ресей, Бөген,
Қарашалаң, Тастүбек, Қазалы, Аралда ұжымға қарасты 300 адам тұрақты еңбек
ететін болады. Бұған 150-ге тарта балықшыны қосыңыз. Осыншама жанның отбасына
ырзық тауып беріп, сауап арқалағанкәсіпкерге алғыстан өзге не айтарсың.

Мұнан бөлек ұжымға
қарасты «Қарашалаң» сервистік дайындау орта­лығы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе Қарашалаңнан тәулігіне 50 тонналық
балық қатыратын тоңазытқыш, 300 тонналық балық сақтау қоймасын, жұмысшыларға
арналған үй, асхана салынуда. Нақты кезеңде құрылыс жұмыстары қызу жргізілуде.
Пайдалануға берілгенде 60 адам тұрақты еңбек ететін болады. Қайрат, Әмір есімді
кәсіпкерлермен Аманбай бірлесе атқарып
жатқан осы шараға жергілікті тұрғындар дән риза. Әңгіме осы тұсқа жеткенде
Аманбай Ерхатов қашанда ортақ істен бойын баламайтын «Байқоңыр» әлеуметтік
кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Жанат Саматқа деген ел алғысын жеткізуді
өтінді. Оқырман тілегін орындау біздің міндетіміз.

Және түсінгеніміз «Қарашалаң» СДО мен «Байқоңыр» әлеуметтік
кәсіпкерлік корпорациясынан Арал балық зауытын жалға алыпты. Қазіргі таңда бұл
жерде елуден астам адам балық сүбесін әзір­леу­мен шұғылданады. Мұндағы еңбек
ету­шілер тәжірибесі мол кәнігі мамандардан жасақталған. Жалақы төңірегінде
мәселе жоқ.

Осынау мақаламызда атағы Сыр өңіріне кеңінен танымал азамат
«СПК Қызылорда балық» ЖШС-ның Қазалы ауданындағы директоры Аманбай Ер­хатов­тың
жұмыс уақытының бір бөлігін ғана жеткіздік.

Жұмабек
ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз