РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ \»ЭКСПО-2017\» КӨРМЕСІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

55

0

РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ "ЭКСПО-2017" КӨРМЕСІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫДүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатын Ресейліктер де қызыға тамашалады. «Раша ЭКСПО» бағдарламасын ұйымдастырушылардың болжамынша, Ресей Астанадағы көрмеге келетін саяхатшылар саны бойынша Қытаймен бәсекелесетін болады. 
Туристердің басым көпшілігі қыркүйектің 8-інде Ресей күніне орай,, келеді деп күтіліп отыр. Көрмеге әсіресе Қазақстанмен шекаралас 12 аймақ пен елдің орталық бөлігінен көптеген саяхатшы қатысуды жоспарлап отыр. 
Елена Панченко, Мәскеу тұрғыны: 
-Жаздың аяғына таман ЭКСПО-ға баруды жоспарлап қойдым. Кеше шараның ашылуын көрген едім. Шынымды айтсам таңданысымда шек жоқ. Өте тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Меніңше көрме одан әрі де осындай жоғары дәрежеде өтетін болады. Сапар кезінде «Дю Солей» циркін де, «Ла Скаланы» да міндетті түрде көрмекпін. 
Максим Богданов, Мәскеу тұрғыны: 
-Астанадағы ЭКСПО туралы достарымнан естіп білдім. Кеше тікелей эфирде көрсетті. Маған ашылуы қатты ұнады. Келесі айда демалыс алып жатсам, мндетті түрде барамын. Шетелдерден көптеген жұлдыз келеді деп естідім. Қазір билет алуды жоспарлап отырмын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз