ІРГЕЛІ ІСТЕР ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІР

91

0

ІРГЕЛІ ІСТЕР ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІРАтқарушы биліктің әртүрлі буындарында абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Қайратбек Сәрсенбаевпен таныс-білістігіміз ширек ғасырға жуықтап қалыпты. Ке­шегі компартияның тарап, бүкіл еліміздегі сияқты облыс­та әкімшілік басқарудың жаңа жүйесі құрылғанда ол осы аппараттағы білімді жас жігіттердің қатарында шоқтығы биіктеу көрінетін еді. Ізденді, өмір мектебінің сан-қилы сатыларынан мүдірмей өтті, білімі толысты, білікті кадрға айналды. Кеңестік жүйенің сатылап өсіру үрдісі бойынша кейін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарлығы қызметінде үлкен тәжірибе мектебінде шыңдалды. Ол ауданның қаржы, экономика салаларына жауап беріп қоймай, оның түйінді деген мәселелерін біліктілікпен шеше алатын басшылардың біріне айналды.

Әлі есімде, кешегі90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басы көп нәрсенің басы ашылып, айқындалып болмаған күрделі кезең болатын. Аудан экономикасы күрмеуі қиын түйіндерді шешу нәтижесінде облыс өңірінде алдыңғы шептерден көрінді. Ал мұнда ауданның бүкіл макроэкономикалық саласына жауап беретін Қайратбектің сүбелі үлесі бар еді.

Облыстың қаржы басқармасының басшысы ретінде ол экономикалық талдау арқылы ой қорытуға келгенде біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен жаңа қырынан танылды. Енді, міне – Шиелі ауданының әкімі. Ол келісімен облыс әкімінің қолдауына сүйене отырып бірнеше жылға жуықтаған, аудан шаруаларын көптен мазалап жүрген өзекті мәселенің шешімін табуға бел шеше кірісті. Ал бұл шындығында оңай емес еді. Себебі мәселе күллі өңірдің, кешегі жоспарлы жүйе кезінде облыстың даңқын асырып, мерейін тасытқан диқандардың өмірлік өзекті мәселесіне тірелген еді. Егер өзекті өртейтін мәселенің түйіні анау-мынау емес, Жоғарғы соттың құзырында болса, бұл енді әкімнің тарапынан қосымша күш-жігерді талап ететіні дау туғызбайтын шындық болатын.

Аудандағы бес бірдей іргелі шаруашылықтың күріш егістігінің жерлері республикалық белді банкінің құзырына көшіп, кепілдікке алынуы диқан қауымның берекесін қашырды. Соңғы жылдары күріш егістігінің көлемі күрт төмендеп кетті. Күрмеуі қиын мәселені шешуге аудан әкімі араласты. Ақыры республиканың Жоғарғы сотында еңбекші қауымның мүддесі оңды шешімін тапты.

Биыл шиелілік диқандардың көңілдері көтеріңкі. Аудан бойынша26631 гектар жерге егіс егілді (өткен жылдан 2601 га артық). Оның ішінде күріш 10532 гектар көлемді құрады.Осыдан 6 жыл бұрын яғни, 2008 жылы егілген күріш 6028 гектар болса, мемлекеттің қолдау және жүргізілген нәтижелі жұмыстардың арқасында биыл күріш 4504 гектарға артық егілді.

Аудан бойынша биылғы жылы мемлекет тарапынантыңайтқышқа 39 млн 113 мың теңге, басым дақылдарға166 млн 271 мың теңге, суға 12 млн 570 мың теңге, барлығы егін шаруашылығына 217 млн 954 мың теңге субсидия төленді. 2015 жылға барлығы 399 млн теңге субсидия бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 87 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, өткен жылдан бері субсидия ала алмай келген аудандағы 4 ірі шаруашылық биыл 132 млн теңге субсидия алуға қол жеткізгенін атап өткіміз келеді.

Ауыл шаруашылығының өзге салалары да өркен жайып келеді. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданда тірілей салмақта 2134,5 тонна ет, 7816 тонна сүт, 356 мың дана жұмыртқа өндірілді. «Сыбаға» бағдар­ламасы бойынша 2015 жылы 4763 бас аналық мүйізді ірі қара, 150 бас асыл тұқымды бұқа тіркеліп,3 бас бұқа карантин мерзімінде тұр. Облыс бойынша бұқамен қамтамасыз ету және аналық басқа шаққандағы көрсеткіштері жөнінен аудан бірінші орынға тұрақтады.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 2015 жылға сатып алынатын мал саны артығымен орындалды. Сол сияқты «Алтын асық» бағдарламасыбойынша мал сату межесі жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мал шаруашылығын қолдау және өнім сапасын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан38 млн 333 мың теңге субсидия төленгенін және атап өтуіміз керек.

Бюджеттің орындалуы – аудан әкімінің жіті ба­қылауындағы мәселе. Экономист ретінде бү­гінгі дағдарыстың сыр-сипатын жақсы біледі. Ал бюджет бұл тұрғыдан алғанда көптеген әлеуметтік қана емес, саяси мәселелерді шешудің басты түйіні болып табылады. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында аудандық бюджеттің жалпы кірісі болжамдалған 4 млрд797 млн теңгенің орнына 4 млрд887 млн. теңгеге немесе 101,9 пайызға, оның ішінде аудандық бюд­жеттің өз кірісі болжамдалған 866 млнтеңгенің орнына 956 млнтеңге болып 110,4 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, республикалық бюджетке төленетін салықтар мен төлемдер 368 млн тең­генің орнына 460 млнтеңгеге немесе 124,8 пайызға, облыстық бюджет түсімдері 465 мың теңгенің орнына 22 млн теңгеге жетіп 47 есеге артық орындалды. Бұл енді жауапты буынды жіті бақылауға алудың игі жемісі болып табылады.

Аудан әкімімен ендігі кезектегі әңгімеміз материалдық игілік өндіру саласына ауысты. Ал бұл бағытта ең алдымен Президент бағдарламасы алғашқы кезекке шығады. 2015 жылы өңірлікиндустрияландыру картасына 2 жоба ұсынылып, қазіргі таңдажобалық құны 29 млрд 341 млн. теңгеніңцемент шығару зауыты жобасы мақұлданып, 50 гектар жер телімінің құжаттары рәсімделді. Ал жобалық құны 150 млн теңгенің құрылыс материалдарын өндіру жобасы облыстық сараптамалық кеңестің оң қорытындысын алып, аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылды. Жобалар
2015-2017 жылдар аралығында іске асырылады.

Аудан кәсіпкерлерінің өз кәсібін ашуға деген ізденістерінің арқасында
облыс бойынша кәсіпкерлікті дамытуға бөлінген 5 гранттың 2-ін аудан
кәсіпкерлері жеңіп алып, қазіргі таңда өз кәсіптерін бастап кеткені көңілге
қуаныш сезімін орнықтырады.

Елбасының шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы тапсырмаларына сәйкес үстіміздегі жылдың көктемінде «Шиелі» I
инвестициялық форумы өткізілді. Форум барысында аудан әкімдігінен 3 млрд 159
млн. теңгенің 20 жобасы ұсынылып, қазіргі таңда 8 жоба кәсіпкерлерден қолдау
тауып, іске асыру жұмыстары басталды.

Аудан әкімімен әңгіме барысы құрылыс, инфрақұрылымдық нысандарды
пайдалануға беруі бағытына ауысты. 2015 жылдың 5 айында негізгі қорға
барлығы 1 млрд 560 млн теңге инвестиция
тартылып, жеке тұрғындар есебінен 419 млн теңгеге жалпы ауданы 10464 шаршы метр
тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарын таза ауыз сумен
қамтамасыз ету бағытында жоғары тұрған бюджеттерден 217 млн теңге бөлініп, Шиелі кентінің ішкі су желілерін үшінші кезеңінің 61,6 шақырымы
жүргізілуде. Ны­санды шілде айында пайдалануға беру көзделуде.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы
1 млрд теңгеге Алғабас және Бидайкөл
елді мекендерінің ішкі су желісінің құрылысын,Алмалы, Тәжібаев және Досбол би елді мекендерінің су тасымалдаушы
тармағы мен бас су қабылдау қоймасының құ­ры­лысын толықтай аяқтауға жұмыстар
атқарылуда.

Сондай-ақ, №22 Бекет және Жартыказарма елді мекендерінде ауыз су
құбырларының құрылысын жүргізуге шілде айында34 млн 938 мың теңге қаржы бөлу жоспарлануда.

Аудан халқының көптен күткен газдандыру мәселесі биыл өз шешімін тауып
бірінші кезекте Шиелі кентінде 260 шақырым газ құбырын жүргізу жұмыстары
басталды. Қазіргі таңда 2 мердігер мекеме 1 млрд 300 млн теңге болатын 165
шақырым газ құбырын жүргізді, жыл аяғына құрылыс жұмыстарын толық аяқтау
жоспарлануда. Жалпы Шиелі кенті бойынша 5600 үйге газ кіргізілетін болса,
қазіргі таңға 340 үйден өтініш қабылданды. Сонымен қатар, кентте орналасқан 37
әлеуметтік нысанды газға ауыстыруғажоба-зерттеу есебі жасалынып қаржы қарастырылуда.

Облыстық бюджеттен 2015 жылы аудандық маңызы бар жолдарға 150,6
млн тенге қаржы қаралды. Құны 35,1 млн
теңге тұратын ұзындығы 3 шақырымдық «Самара-Шымкент-Жансейіт» автомобиль
жолының құрылысы аяқталды. Құны 115,5 млн теңге тұратын ұзындығы 11 шақырымдық
«Жансейіт-Ортақшыл» автомобиль жолының 8 шақырымы орташа жөнделді.

Аудандық бюджеттен «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы аясында Кент,
Н.Бекежанов, Ақмая, Жансейт,Жаңатұрмыс, Қоғалы, Тартоғай елді мекендерінің 13 шақырым көшелерін орташа және жай
жөндеуге, Шиелі кентінде 8 бейне бақылау камераларын орнатуға 71 млн 794 мың
теңге бөлініп, қазіргі таңда Ақмая елді мекенінде көше жарығын орнату, Жөлек
елді мекенінде жаяу жүргінші жолын салу, Қодаманов елді мекенде төлқұжат орнату
жұмыстары аяқталды.

Аудан әкімі әңгіме түйінінде бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне
тоқталды. Әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі мемлекеттік бюджетке кері
әсерін тигізуде. Біз, сол себепті,
аудандық бюджеттің кірісін артығымен орындауға жұмыс жасауымыз қажет деген
пікірін білдірді. Сондықтан аудан көлеміндегібарлық кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді салық органына түгелдей тіркетіп,
есепке алынуы ойлаған межені алуға мүмкіндік береді. Сол арқылы салық базасын
көбейтуге мүмкіндіктер мол.

Әкім бұл мәселенің оңтайлы жолдарын қалай шешу керектігін жақсы біледі.
Себебі атқарушы биліктің барлық буындарында өзінің тікелей айналысқан
мәселелері болғандықтан оның құпия сырлары жоқ.

Аудандағы өнеркәсіп өнімін өндіретін мекемелердің өнім көлемін арттыруға,
оның ішінде қазіргі таңда төмендеп кеткен өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсету
қажеттігі және туындайды. Ауданда жүргізіліп жатқан ауыз су, мектеп, клуб
құрылыстарының сапалы әрі мерзімінде пайдалануға беруге, құрылысы өткен жылы
басталған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, Шиелі кентіндегі
тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жыл аяғына дейін газға көшіруге
байланысты мәселелер бүгінгі күні аудан басшылығының алғашқы кезектегі
міндеттерінің санатына қосылады.

Біз аудан әкімімен оның кезекті демалысқа шығу қарсаңында жүздестік.
Иә, бүгін қысқа демалыс, күні ертең оны қыруар жұмыстар күтіп тұр. Өмір
осылайша жалғасып жатыр…

 

Жолдасбек АҚСАҚАЛҰЛЫ.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз