ҮРЛЕМЕЛІ СУ ТОСПАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

58

0

ҮРЛЕМЕЛІ СУ ТОСПАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫКеше Шиелі ауданында үрлемелі су тоспасының ашылу салтанаты болды. Аталмыш шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев және басқа да ресми тұлғалар, аудан ардагерлеріқатысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сыр өңірін алты Алаштың – анасы атап, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайына үнемі қамқорлық танытып келе жатқандығы жамағатқа белгілі. Жоғарыда аталған маңызызор нысанның осындағы елдің суландыру мәселесін жеделдете шешіп, тұрмыс-тіршілігін нығайтуға септігі болары да анық. Елбасының осы бағыттағы тапсырмасын орындауға облыс әкімдігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарыкомитеті бірлесе жұмыс ұйымдастыра білді. Алдыңғы жылы нақ осындай үрлемелі су тоспасы Жаңақорған ауданында пайдалануға беріліп, ел игілігін көріп отырса, енді, міне, алып құрылыс оңтүстіктегі екінші аудан Шиеліде де бой көтеріп отыр. Жалпы құны 1,5 млрд теңге тұратын өңірге аса қажетті тың құрылыс өткен жылдың соңында басталып, бар-жоғы 6 ай ішінде пайдалануға тапсырылғандығының өзі еліміздің жаңа технологияларды игерудегі қарқынды дамығандығын байқатса керек. Суландыру мәселесінің толықтай шешілуі нәтижесінде Шиелі ауданы шаруашылықтарының 30 мың гектар жері енді аяқсудан тапшылық көрмейтін болады. Осы орайда комитет төрағасы Ислам Әбішевтің іскерлігін айтып өткен жөн. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы арнайы тоқталып, «Қазсушардың» басшылары мен мамандарына алғысын білдірді.

– Бастапқы жоспар бойынша Шиелі ауданындағы мына үрлемелі су тоспасы келер жылдың соңы, яғни, 2016 жылдың желтоқсанында бітуі керек еді. Біз өз тарапымыздан ұсыныс жасап, құрылыстың биыл іске қосылғандығын қалайтынымызды өтініш ретінде жеткіздік. Расында негізінен күріш дақылымен шұғылданатын сырбойылықтар үшін әрбір тамшы судың құны қымбат. Жаз айларында аяқ судың кемдігі дақылдардың өнімділігін кемуіне кері әсер ететінін білеміз. Бұл нарықтық қатынас кезінде жергілікті жердің адымын қысқартатын жағдай.Сондықтан өз ұсынысымыздың ңақтылай іске асырылуына өзіміз де мүдделі болып, бірлесе қызмет жасай білдік. Жалпы Елбасы Қызылорда облысынан түскен ұсыныстарға назар аудара отырып, үнемі қолдау білдіріп келеді, сол үшін де ризамыз, – деді әкім.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев еліміздің су ресурстарын басқарудың мемлекеттікбағдарламасына 127 жоба ұсынылып, оның ауқымдылары Қызылорда облысында жүзеге асырылатындығын жеткізді. Бұл мақсатқа өте қомақты қаржы 100 млрд теңге бағытталатын көрінеді. Аталмыш су тоспасын салуда жергілікті мамандардың лайықты атсалысып, аянбай еңбек еткендігіне де өз алғысын білдірді. Аудан ардагерлері атынан Пердәлі Архабаев сөз сөйлеп, кезінде су тапшылығына байланысты көптеген қиыншылықтардың болғандығын айтып, елге жасалынған қамқорлық үшін алғыс сезімін білдірді.

Аймақ басшысы осы күнгі сапары кезінде Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекенінде болып, осындағы ауыз су жүйелерін кеңейту және қайта құру жұмыстарымен танысты. Сапар аясында осындағы жаңа нысан пайдалануға берілді. Мердігер мекеме нысанға жұмсалатын қаржыны толықтай игеріп, құрылысты өз мерзімінде тапсырып отыр. Жоба барысындаауылдың 26,5 шақырым магистральды ауыз су құбыры салынып, 22 шақырым сервистік су құбыры тартылды. Аймақ басшысы және құзырлы мекемелер басшысы аталмыш нысанмен танысып, оң бағаларын берді.

 

Нұрмахан
ЕЛТАЙ.

Шиелі,
Жаңақорған аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз