ҚҰРМЕТТІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМ!

85

0

«Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» – деп Елбасы атап өткендей біздің генетикалық кодымыз – өнеріміз, дәстүріміз.

 Ерекше балалардың өнерін қолдау мақсатында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы қазан айының 17 күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың VІІ облыстық  өнер фестивалін  өткізеді.

Фестивальға барлық аудандардан және қалалық мектеп-интер­наттардан ән, би, халықтық орындау, көркемсөз оқу, көркемсурет және қолөнер жанрлары бойынша мүмкіндігі шектеулі өнерпаз балалар  қатысып бақ сынасады.

Фестивальдің негізгі мақсаты – облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өнердің түрлі жанрындағы шығармашылық қабілеттерін анықтау, оларды халық арасында кеңінен насихаттап, көмек қолын ұсыну, қолдау көрсету  болмақ.

Фестивальдің басталуы 17 қазан күні  сағат 10.00-де.

Фестивальдің қорытынды концерті кешкі сағат 17.00-де.

Келіңіздер, көріңіздер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз