Құрметті қызылордалықтар!

70

0

Баршаңызды бүкіл Шығыс халқына ортақ мейрам, ғасырлар қойнауынан бастау алып, ата дәстүрімізге айналған, сан түрлі ұлттардың бауырластығына арқау болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңарған қазақ елінің өткені мен бүгінін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын ұлттық мереке.
Айбыны асқан, ізгілік шашқан тамыры терең өнегелі өркениетіміздің өлшемі. Әз халқымыз оны қашанда биік көңілмен, кемел пейілмен ерекше қарсы алады
Қазақ халқы қашанда қасиеттісін қастерлеп, барын бағалай білген елміз.
Ал, ұлтымыздың Ұлы мейрамы – Наурыз мерекесі біздің еліміздің тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы екендігі баршамызға аян.
Жыл өткен сайын аймағымыздың рухани-мәдени әлеуеті өсіп, экономикасы өркендеп, халықтың әл-ауқаты артып келеді.
Бірлігіміз бен тірлігіміз болса, біз әлі де талай белестерді бағындырып, бұдан де зор жетістіктерге жетеріміз анық.
Ұлтымыздың рухының асқақтығын, тегінің тектілігін, салт – дәстүріміздің салтанатын паш етер, халқымызды ғасырлар бойы нұр шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға бақ-берекесімен енсін.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы, қасиетті бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүр куәгері көктем мейрамы – әз Наурыз баршаңызға ырыздық пен несібе әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
 
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев
 
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз