ҰРПАҒЫ БІЛІМДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ

90

0

Елбасы «Тәуелсіздік жыл­дарын­дағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген еді.  
Облыс әкімі Қ.Көшербаев­тың ел алдында жасаған есебі де осы бағаның дәл айтылғанын айғақтады.
Сөз жоқ, соңғы жыл­дары өңір халқының әлеу­меттік ахуалы жақсарып, эко­номикалық көр­сеткіштер көтеріле түсті. Облыстың ин­дустриалды-инно­вациялық бағыттағы өндіріс орындарын қолға алуы – тұрмысымыздың мұнан әрі де түзеле түсетінінің кепілі. Соның бір мысалы, биылғы жылы шыны зауытының алғашқы бөлігі іске қосылатыны. Оның облыс халқына берер пайдасының  қаншалықты екені өзінен-өзі белгілі.
Баса айтатын бір жетістігіміз – тұрғын үй құрылысының қарқыны. Қаншама жерлесіміздің қоныс тойына өзіміз де куәміз. Осыған қатысты асыраушысы жоқ немесе әлеуметтік қамтылуы төмен қоныстанушылар үшін қаралған жеңілдіктердің нағыз қолжетімділік екені анық.
Облысымызда айтуға тұрарлық үлкен жаңалығымыздың бірі – Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеріп келе жатқан жаңа қала. Осы аумақта 16 мектеп, 12 бөбекжай, 4 денсаулық сақтау мекемесі бой көтермек. Сондай-ақ, физика-математика мектебі, заманауи үлгідегі «Болашақ» университеті есік ашады.
Өткен 4-5 жыл ішінде Қызылорда білім деңгейінен республика бойынша алға озды. Қаншама жас жерлесіміз Ресей білім ордаларында оқып жатыр. Биыл олардың алды оқу орнын бітіріп, алған білімін ел игілігіне асыра бастайды. Мұның бәрі облыс әкімінің табанды іс-қимылы әкелген нәтиже.
Аймақ басшысы есеп беру жиынында 2017 жылы мектеп бітірген сырбойылық түлектердің 97 процентінің студент атанғанын мақтаныш тұтатынын айтып өтті. Шын мәнінде, келешегіміз білімді жастардың қолында.
Облыс әкімінің есебінен аймақта атқарылып жатқан осындай іргелі істердің барысына тағы бір назар салып, таразылаған халық өз кеудесіндегі келер күндерге деген сенімін бекіте түсті.

Сейітқали АЛШЫНБАЕВ,
Қызылорда қаласының құрметті азаматы,
кәсіпкер, білім меценаты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз