РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЙҚЫН БАҒЫТЫ

78

0

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЙҚЫН БАҒЫТЫКеше мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға аймағымыздағы жоғары оқу орындарының тәжірибелі  педагог мамандары, облыс орталығынан және аудандардан келген мемлекеттік қызмет-шілер қатысты. Жиынды Қор¬қыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни¬-верситетінің аға оқытушысы, филология ға¬лым¬дарының кандидаты Аман Абасилов жүр¬гізді.  
Елбасының ерекше сипатты бағдарламалық мақаласы туралы өз пікірін білдірген Қызылорда облыстық педаго¬гикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі Баймырза Қожамберлиев мақалада баса айтылған ұлттық код, ұлттық бірегейлік және прагматизм ұғымдарының мән-мағынасына тереңірек тоқталды. 
– Елімізде рухани мәдениеттің алатын орны ерекше, бұл орайда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды қаз-қалпында сақтап, жас ұрпақтың қолына табыстауымыз қажет. Мақалада айтылғандай, рухани жаңғырудың негізгі бағыттарының бірі – әлемдік бәсекеге қабілеттілік. Осыған дейін елімізде «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен 10 мыңнан астам түлектер шет елдерде білім алды. Міне, осы түлектеріміз жаңа технологияны меңгеріп, халықаралық қатынастар мәдениетін танып, білді. Біз олардың бүгінгі ғылым мен технология саласында бәсекеге қабілеттіліктеріне сенім артамыз – деді профессор.                                    
Қорыта айтқанда, қоғамда болып жатқан бар¬лық құбылыстарды саралап, зерделей отырып, алдымыздағы ұлы мұратымыз  «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру бағы¬тында жас ұр¬пақ¬тың рухани  танымы, тұлғасы биік азамат болып қалыптасуына барынша назар аударуымыз қажет. 
Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ләззат Есімова: 
– Елбасының бұл мақаласы елдің санасын дүр сілкіндірген ерекше жаңалық болды.  Себебі, мұнда ел дамуының идеологиялық бағыты, рухани жаңғырудың негізгі басымдықтары айқындалған. Демек, мақаланың мазмұнын әрбір қазақстандық сезінуі тиіс. 
Сондай-ақ, мақалада «Үш тілде білім беру», «Цифр¬лы Қазақстан», «Мәдени және кон¬фес¬сияаралық келісім» бағдарламаларының мақ¬саты жас ұрпақты ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу екені айтылған. Біз де өз тарапымыздан осы мәселелерді халық арасында нақтырақ түсіндіруге, жалпы мақаланың мазмұнын ақпараттық-насихаттау шараларын қолға алдық. Байқағанымыздай, ел тұрғындары бұл саяси жаңалықты жылы қабылдады, – деді.
Дөңгелек үстел барысында облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұр¬сәуле Мұсаева, Қорқыт ата атындағы Қы¬зыл¬орда мемлекеттік университетінің «Қазақ¬стан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгеру¬шісі Тал¬ғат Төлеубаев Мемлекет басшысы ұсынған идео¬ло¬гиялық айқын  бағытты іске асырудағы ғылым және білім саласының алдында тұрған міндеттер төңірегінде сөз қозғады.
Жиынды Аман Абасилов қорытындылап,  мемлекеттік тілдің мәртебесі, латын графикасына көшу мәселесіне орай сала маманы ретінде салмақты ой-пікірін ортаға салды.

Ғ.ӘБІЛДА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз