САЛА БАСШЫЛАРЫ ЖЫЛ ЕСЕБІН ЖЕТКІЗДІ

59

0

САЛА БАСШЫЛАРЫ ЖЫЛ ЕСЕБІН ЖЕТКІЗДІӨңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушы Ж.Дүзелбаева, облыстық ветеринария басқармасы басшысы Е.Апетов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Бекішевтің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда сала басшылары 2016 жылы атқарылған жұмыстардың барысын баяндады.
Қызылорда облысының аумақтық инспекция саласында облыс бойынша жыл басынан бері карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік сертификатынсыз тасымалданғандары, карантиндік объекті анықталғандары үшін жеке және заңды тұлғалармен 48 заң бұзушылық орын алған.
Соған сәйкес ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің» бабтарымен 2025555 теңге көлемінде айыппұл салынып, толығымен өндіріліп, сонымен бірге 211 нұсқама берілген. 
Аймақтың өсімдіктер карантині және фито¬сани¬тарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі қауын шыбынына қарсы 2016 жылы 1130 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізген. Оны «Фито-санитария» РМК филиалы мамандары жүргізді. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен облыс бойынша «РФДжБӘО» ММ Қызылорда филиалы зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, кали¬форниялық қалқанша сымырына қарсы 98 гектар, кекіреге қарсы 774 гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді. 
– Биыл қауын шыбынына қарсы 3800 гектар, калифорниялық қалқанша сымырына – 80 гектар, жатаған у кекіреге – 688 гектар және арам сояуға 23,8 гектар жерге республикалық бюджет есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы облыс көлемінде жоғарыда айтылған өңдеу көлемдерінің уақытылы және тиімді жүргізілуінің нәтижесінде залалданатын  жер көлемі жылма-жыл азаюда, – дейді Ж.Дүзелбаева. 
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша былтыр аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдау өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға артып, 9,1 млрд теңгені құраған. 
– Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салын¬ған инвестиция көлемі 2016 жылдың 11 айында 3771,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті к嬬зеңімен салыстырғанда 3,1 есеге артты, – дейді Т.Бекішев. Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндірудегі не¬гіз¬гі капиталға салынған инвестиция көлемі 334,8 млн тең¬гені құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артық. Былтыр облыс бойынша 168,5 мың гек¬тар¬ға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, негізгі дақыл – күріштен 439,8 мың тонна күріш сବлысы жиналып, әр гектардан 54,9 центнерден өнім алынды. Майлы дақылдардан 5003 тонна өнім жинал¬са, мақсары дақылының орта өнімі гектарына 8,2 центнерді құраған. 
Облыста әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, оның ішінде тұрақтандыру қорын арзан азық-түлік өнімдерімен молайту бағытында шаралар қабылданып, апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жыл бойында өткен 60 жәрмеңкеде облыс тауарөндірушілерімен 823,1 млн теңгеге 6 362,7 тонна өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды. Облыс бойынша азық-түлік бағаларының 2016 жылдың қараша айындағы баға индексі 107,4 пайызды құрап отыр. 
«Сібір жарасы індетінің» ошақтары бойынша өткен жылы республиканың Қарағанды, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген болатын. Осыған орай Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда мәжіліс өткізіліп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Осы уақытқа дейін нақтыланбаған Сібір жарасы ауруының ошақтары анықталып, аймақта біршама жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, тіркелген 67 ошақтың 60-ы нақтыланып, жергілікті бюджеттен 47,2 млн теңге қаржыға ошақтар қоршауға алынып, қауіпсіздік белгісі қойылған. 
Ал, облыстық ветеринария басқармасы мамандарының мәліметінше, аусыл ауруына қарсы бекітілген жоспарға сәйкес алдын алу, егу жұмыстары толық жүргізілді.
– Облыс аумағын және еліміздің  таза аймақтарын аусыл ауруынан қорғау мақсатында, сырттан келген және облыс көлемінен шығарылатын жануарлардың кіріс-шығыс қозғалысына күнделікті бақылау орнатылған. Мал басын нақтылау,  бірдейлендіру және халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетов. 
Өткен жылдың өнегелі ісінің бірі – облыс әкімдігі тарапынан ет экспортының әлеуетін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының Астрахань облысына барып, келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, Қазалы ауданынан «Сыр маржаны» ЖШС ЕАЭО мүше елдердің ветеринариялық талаптарына сәйкес шаруашылықтар тізіміне енді. Аталған шаруашылықтың енді экспортқа ет шығаруға мүмкіншілігі зор. 
Шара барысында жоғарыда аталған сала басшыларына БАҚ өкілдері өзекті мәселелер бойынша бірнеше сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз