САПАЛЫ ТАУАР БІРЕГЕЙ БРЕНД ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

82

0

Қызылордадан «Алтын сапа» сыйлығына 3 кәсіпкер,  «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына 25 кәсіпкер қатысуға ниет білдіруде. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының облыстық шарасына қатысуға ниет білдірушілердің  қатары өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Мәселен, өткен жылы облыстық байқауға 17 кәсіпкер қатысқан.
«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы  екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең облыстық деңгейде өткізіледі, облыстық деңгейде ұтқан кәсіпкерлер екінші кезеңге өтіп, республикалық  байқауға қатысады. «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын ұйымдастыру 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП-на жүктелген. 
Өткен жылы облыста  байқау аясында 50-ден астам  кәсіпкер өздерінің жергілікті өнімдерін халыққа ұсынды. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Кемикал» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ЖК Курбанбаев», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Сыр Маржаны» ЖШС жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, осы 3 номинация бойынша 1,2,3-орынға ие болған   9 кәсіпкер Астана қаласында орталық «Көрме» павильонында өз өнімдерін қойды. Байқауға барлық аймақтан 144 кәсіпкер қатысып, өздерінің жергілікті өнімдерін ұсын-ған еді. Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда облысынан «Сыр Маржаны» ЖШС «Атамекен» ҰКП-ның «Іскер» номинациясына ие болды.
М.МЕРЕЙ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз