САҒЫНЫШТЫ СӘТ

239

2

САҒЫНЫШТЫ СӘТ«Елу жылда ел жаңа» демекші, қан¬шама өмір өткелінен кейін ынталы топтың бастамасымен облыс орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы №10 орта мектепте 1967 жылғы түлектер бас қосты. 50 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған олар оқушы кездерінде өткерген ұмытылмас 10 жылын еске алды. Көңілге зор қуаныш сыйлаған кездесудің ерекше тұсы алыс аймақ, қала, аудандардағы сыныптастардың жиналғаны еді. Білім қуып, қызмет бабымен әр қырға самғаған сол кезеңдегі өрімдей ұл-қыздар – бүгінде үлгілі ата-ана, немерелеріне сүйікті ата-әже.
Ширек ғасырда бас қосқан түлектер үлкендерге сәлем беріп, өмірден озған сыныптастарын еске алды. Соңғы қоңырау сылдырына қатысқан түлектер ұстаздарына алғыс білдіріп, жас түлектерге және бірінші сынып бітіруші оқушыларға сыйлық табыстап, алдағы өмірлеріне ақ жол тіледі. Одан соң заман талабына сай жаңарған мектептің жетістіктерімен танысып, бір сәт партаға отырып, балалық шақты еске алды. Өткен күндердегі қызықтар мен естеліктерді айтып, мектептен кейінгі өмір жолдарын баяндап, біраз сырласты. Ойлы әңгімелер, жүрекжарды тілектер, сағыныш толқыныстары мен балалық, жастық дәурендерін еске алыс¬ты. 
1967 жылы 10 «А» сыныбын бітірген түлектердің ішінен ел қалаулылары, түрлі салада қызмет ететін азаматтар көптеп шықты. Үздік дәрігер Асылбек Тоғызбаев, сауда ісін жоғары деңгейде дөңгеленткен Асқар Бекжанов, Орақбай Әпсанов, Күләш Сыздықова, белгілі экономист Кабира Даярова сынды азаматтар – сөзіміздің дәлелі. Түлектер білім ордасына сый-сияпат жасады. Сонымен қатар А.Тоғызбаев азат елдің ширекғасырлық шежіресінен сыр шертетін жинағын табыстады. Сағынысып кездескен түлектер осылайша өздері білім алған оқу ордасына тағзым етіп, алтын ұясынан балғын күндердегідей тарқасты. 
Мектеп табалдырығын аттағалы 50 жыл өтсе де, алтын ұясына келіп, ұстаздарына ерекше құрмет көрсеткен шәкірттерінің ықыласына сынып жетекшісі болған Ұлтай Балмағанбетова мен өмірден озған Ысқақ Қар¬қын¬баевтың жұбайы ұстаз Ханшайым Әлиақпарова ризашылық білдірді.
Кейінгі өскелең ұрпаққа ұстаз¬дар мен сыныптастарға деген сағыныштың көрінісін көрсеткен кездесу үлгі болары сөзсіз.

Жанат ЖАЛИЕВА.
Пікірлер:

Пікір жазыңыз