СЕКСЕУІЛДЕГІ ШАТТЫҚ

56

0

СЕКСЕУІЛДЕГІ ШАТТЫҚАлғашқы сапарын бастаған «Қызылорда-Сексеуіл-Жезқазған»
бағытындағы жолаушылар пойызын теңіз төскейінің
перзенттері айрықша қуанышпен қарсы алды.Бұл ұзақ жылдан бері халықтың аңсап күткен арманы еді. Тарихи сәттің куәсі болған Сексеуіл кенті тұрғындарының
қуанышында шек жоқ.

 

– Бүгінгі күн Сексеуіл кентінің
ғана емес республика жұртшылығы үшін де қуанышты күн. Кент арқылы Қазақстанның Орталығы
мен Солтүстігін жалғаған жаңа жолаушылар
пойызының жүруі Елбасымыздың бізге жасаған қамқорлығының тағы бір дәлелі. Бұл өз
кезегінде уақытты тиімді пайдалануға және республика бюджетінің оңтайлы үнемделуіне
де оң ықпалын тигізбек, – деген аудан әкімі Абзал Мұхимов сексеуілдіктер үшін тағы
бір жағымды жаңалық биылғы жылы облыстық бюджет есе­бі­нен кенттің ішкі су құ­бырлары
толық жаңарты­латынын да атап өтті.

Кент тұрғындары жолсеріктерге
қазақы қонақжайлықпен дәмнен ауыз тигізді. Шашу шашты. Әжелер тобы ән салды. Ауданның құрметті
азаматы Шәкірат Дәрмағамбетов сәт сапар тілеп , ақ батасын берді.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Арал ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз