СЭР СУМА ЧАКРАБАРТИ: ҚЫЗЫЛОРДАНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІМІЗ РЕТІНДЕ ТАНИМЫЗ

100

0

СЭР СУМА ЧАКРАБАРТИ: ҚЫЗЫЛОРДАНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІМІЗ РЕТІНДЕ ТАНИМЫЗ

Кеше Қызылордаға Еуропалық қайта құру және даму Банкінің Президенті сэр Сума Чакрабарти жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен басқосуда банкпен әріптестік негізде іске асып жатқан және болашақта қолға алынатын жобалар туралы сөз болды. Облыс басшысы банк қаржыландырған жолаушылар тасымалы бағытындағы жоба, «Жанрос Дриллинг” серіктестігіне көрсетілген көмек, Қызылорда қаласының жылу, су желілерін жаңғыртуға негізделген келісім жайында айтты. Сонымен қатар қонақтарды Сыр өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық көрсеткіштерінен хабардар етті.

Жиында ЕҚДБ Президенті Чакрабарти мырза елімізде 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан банктің Қызылорда облысындағы қызметін аймақтармен әріптестіктің жарқын мысалы ретінде жоғары бағалады. Банк осы кезге дейін еліміздің көлік, ТКШ, жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес салаларына 6,5 млрд. доллар инвестиция құйған. Соның арқасында
170-тен астам түрлі жобалар жүзеге асты.

ЕҚДБ қаржыландыруымен табиғи
газбен жүретін 100 жаңа автобус сатып алуға мүмкіндік туды. Жаңа көліктер
жолаушыларға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысына аса ыңғайлы.
Бұл жоба үшін банк 18,8 млн. доллар несие ұсынып отыр. Таратыңқырап айтсақ,
жобаның жалпы құны 27 млн. АҚШ долларын құрайды. ЕҚДБ мен облыс әкімдігі
қаржыландыру үшін келісімге келген. Несиелеу шарттарында аса қолайлы
жеңілдіктер ұсынылған.

СЭР СУМА ЧАКРАБАРТИ: ҚЫЗЫЛОРДАНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІМІЗ РЕТІНДЕ ТАНИМЫЗҚызылорда қаласының су және
кәріз жүйелерін жаңғырту жобасы үшін «Қызылорда су жүйесі” кәсіпорнына 10
млн. АҚШ доллары көлемінде несие беру қарастырылуда. Бүгінде қалада су
сапасы мен оны үнемдеп пайдалану бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.

ЕҚДБ-ның көмегімен әрекет
ететін «Таза технологиялар қоры” Қызылорда қала­сы­ның орталықтандырылған жылу
жүйе­сін жаңғыртуды қолдау үшін «Қызыл­орда­жылу­электрорталығына” 4,3 млрд.
теңге несие беруді көздейді. Жаңғыртудан соң жылу станциясы мен тарату
желілерінің тиімділігі арта түспек.

Еліміздің жеке секторындағы
ЕҚДБ клиенттерінің бірі – «Жанрос-Дриллинг” компаниясына банк жоғары
технологиялы бұрғылау құрылғысын сатып алу үшін қаржы бөлген. Компания банк
қолдауымен жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын, қоршаған ортаны
қорғаудың халықаралық стандарттарын енгізуде.

Жиында сөз алған ҚР Өңірлік
даму министр­лігінің комитет төрағасы В.Галиев, ЕҚДБ Қазақстан бойынша
директоры Д.Хэкман, «Бай­қоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ Басқарма төрайымы Ж.Самат банкпен әріптестіктің жаңа кезеңі
тұр­ғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ба­ғыт­талған жобалармен толыға
түсетінін атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары
өкілдеріне арнап брифинг өткізген С.Чакрабарти мырза Қазақстан Үкіметі банктің
аймақтарда жұмыс істеуіне қолдау көрсетіп отырғанын айтты. «Қызылорда облысын
Қазақстандағы жобаларымызды жүзеге асырудағы стратегиялық серіктес ретінде
қарастырамыз”, деді С.Чакрабарти сөз түйінінде.

Одан әрі қонақтар
«Қызылордажылу­электр­орталығы” МКК-ның жұмысымен танысты. Кәсіпорын директоры
А.Бекпағанбетовтың айтуынша, жылу электр орталығы 1964 жылдан бері
кезең-кезеңімен жаңғыртылған. 1998
жылға дейін қазандықтарға көмір жағылса, кейін сұйық отын-мазутқа көшірілді. Ал
2008-2009 жылғы жаңғырту жұмыстарынан соң газ-мазут жағылатын болды. 2005 жылы
жаңа когенерациялық газтурбиналық электростанция салынды.

Қала бойынша кәсіпорын
иелігіндегі жылу желілерінің ұзындығы 160 шақырымнан асады. Осы желі арқылы 589
көппәтерлі тұрғын үй, 37 мектеп, 14 оқу мекемесі, 24 денсаулық сақ­тау нысаны,
15 мәдениет ошағы, 13 балабақша, 233 шаруашылық субъектісі, 492 жеке сектордағы
тұрғын үйге жылу барады. Бүгінгі күні
жылу жүйесінің 68 пайызы ескірген.

Өткен жылы
кәсіпорындағы қордаланған мәселелерді шешудің техника-экономикалық негіздемесін
әзірлеу үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Аталған жоба ең алдымен аймақты сырттан келетін электр энергиясына
тәуелділіктен құтқарады. Ал болашағын металлургиялық кластерді дамытумен
байланыстырып отырған Сыр өңірі үшін энергетикалық тәуелсіздіктің маңызы зор.

ЕҚДБ-ның жеке
секторды қолдау бағыты «Жанрос Дриллинг” компаниясының жұмысына серпін бергенін
жоғарыда атап өттік. Компанияға арнайы келген меймандар ондағы жаңа
қондырғыларды көрді. Банк несиесімен алынған жаңа бұрғылау қондырғылары бүгінгі
күні пайдалануға берілген. Серіктестіктің бас директоры А.Мылтықбаев мұнай-газ
саласындағы көрсеткен қызметтері, жаңа технологияларды енгізудегі жетістіктері,
банк несиесіне 22,5 млн. долларға сатып алынған жоғары технологиялы бұрғылау
қондырғысының жұмысы мен ерекшеліктері туралы айтып берді. «Банкпен
әріптестікті жергілікті және шетелдік серіктестерге сапа белгісі ретінде
көрсете аламыз” деді,
А.Мылтықбаев.

ЕҚДБ-ның
стратегиялық мақсаттарының бірі – аймақтарға инвестиция апару болып отыр. Банк
басшысы бұл бағытта алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысының белсенділік
танытқанын, жоғарыда аталған жобалардан басқа шағын және орта бизнеске қолдау
көрсету ниетін танытты.

 

***

Еуропа қайта
құру және даму банкінің президенті сэр Сума Чакрабарти Сыр өңіріндегі жұмыс
сапары барысында облыс орталығындағы бірнеше нысандарды аралады. Құрметті
мейманды облыс әкімі Қ.Көшербаев қысқы спортты дамыту мақсатында салынған «Мұз
айдыны” спорт кешенімен таныстырды. Қаржыгер С.Чакрабарти жас хоккейшілер мен
мәнерлеп сырғанаушылардың өнерін тамашалап, кешеннің мүмкіндігімен жан-жақты
танысты.

СЭР СУМА ЧАКРАБАРТИ: ҚЫЗЫЛОРДАНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІМІЗ РЕТІНДЕ ТАНИМЫЗМұнан соң
мәртебелі мейман «Назарбаев зияткерлік мектебіне” келді. Білім ошағындағы
бағдарламаға сәйкес жаз мезгілінде оқып жатқан шәкірттермен кездесті. «Аймақ
экологиясы кабинетінде” оқушылардың сынама жұмыстарымен танысқан ол ұстаздармен
инновациялық идеялар жайында пікір өрбітті. Сондай-ақ, интеграциялық бағдарлама
арқылы робот құрылғыларын дайындаған мектеп тәлімгерлерінің жұмысын көрді.

Заманауи
құрылғылармен жабдықталған, ғылыми әлеуеті үлкен мектеп ұжымына ризалығын
білдірген қонақ білім ошағына ақжарма тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.

 

Гүлжазира
ЖАЛҒАСОВА.

Нұрбек Дәуренбеков.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз