СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР – БАЙЫПТЫ БАҒДАР БЕРЕКЕСІ

169

0

 
«Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мем¬лекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет».
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауынан.

Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен дүниеге келген Үдемелі индустриялық-иннвовациялық даму бағдарламасының жемісін бүгінде бүкіл ел халқымен бірге Сыр өңірінің тұрғындары да көруде. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған бағдарламаның аймағымыздың әлеуметтік-эко-номикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелері анық. Статистикаға жүгінсек, аймақтың экономикалық дамуында тың серпін бары бірден байқалады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алар орны ерекше. Өңірлік индустрияландыру картасындағы жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, қазіргі қиын жағдайдың өзінде өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 9,4 пайызды құрап отыр. (Салыстырмалы түрде алсақ, республикада бұл көрсеткіш 6,8 пайызды құрап отыр).
Енді, осы серпінді жобаларға тоқталайық. Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 25 жобаның 15-нің өндірістік көлемі 90 пайыздан 100 пайызға дейін орындалуда. Ал 4 жоба бойынша 50-ден 90 пайызға дейін, 2 жоба бойынша 50 пайызға дейін жүктелген. Ескерте кететін жайт, тағы 4 жоба түрлі мәселерге қатысты тауар өндіру жоспарланбаған. Нақты кезеңде аталған жобалар бойынша жекелей жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Күйдірілген кірпіш өндірісі («Тоғыс Аралотын» ЖШС), «Ет және ет өнімдерін өндіру» («Берекет КХ»), «Күріш жаткаларын жинастыру және өндіру жөніндегі өндірісі» («АзовАралАгромаш» ЖШС) және «Барлық диодты приборлар өндірісті ұйымдастыру» («Казэнергосбережение» ЖШС бойынша) жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде соңғы 4 жылда өндеу өнер¬кәсібіндегі өнім көлемі 51 пайызға өсті. Ал оның ЖІӨ-дегі үлесі 3 есеге артты. Бұл барлық күрделі жағдайларға қарамастан, облыс экономикасы әртараптандырылуда деген сөз.
Мемлекет басшысының технологиялық дамуды жеделдету жөніндегі ¬тапсырмасы бойынша аймағымызда нақты жұмыстар жүр¬гізілуде. Мәселен, ¬Индустрияландыру бағ¬¬¬¬дарламасы шеңберінде облыста 6 кәсіп¬орын қарқынды жұмыс жасап тұр. Олар – газды өңдеп пайдаға жарату бойынша («Қазгермұнай» БК» ЖШС, «KazFrac»), электр энергиясын өндіру бойынша («Петро-Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» ЖШС, «Крис¬талл менеджмент» ЖШС),  күкірт қыш¬қылын өндіру бойынша («СКЗ-U» ЖШС) және сүт өңдеу бойынша («РЗА» АҚ) жаңа техно¬логиялық қондырғылар енгізді.
Өңірлік индустрияландыру картасы аясында Жаңақорған ауданында жүзеге асқан күкірт қышқылы зауыты («СКЗ-U» ЖШС) мен  Қазалы ауданындағы «РЗА» ¬АҚ-ның өнім көлемі жыл сайын артып келеді. «РЗА» АҚ  – тамақ өндірісі саласында айма¬ғымыздағы ең ірі кәсіпорын болып саналады.
Сонымен қатар, қарқынды жұмысымен көрінген белсенді компаниялар қатарында – «Кристалл менеджмент» ЖШС бар. Атал¬ған компанияда қуаттылығы 87 МВт газтур¬биналық электостанциясында газтурбина қондырғыларының соңғы түрлеріне жататын жаңа инновациялық технология пайдаланылды. Мұндағы негізгі технологиялық қондырғылар Жапония (Hitachi), АҚШ  (Clyde Bergemann) және Финляндия (АВВ) ком¬па¬ния¬ларынан алынған.
Ал Арал ауданының Жақсықылыш елді мекенінде тұз өндіретін кәсіпорында қайта жаңғырту жобасы аяқталды. «Аралтұз» АҚ «Техникалық және ас тұзын өндіру өнді¬рісін жаңғырту жобасының» нәтижесінде кәсіпорнында ас және техникалық тұз өндіретін 2 цех пайдалануға берілді. Нақты кезеңде қайта жаңғыртылған зауытта испаниялық жаңа технология пайдаланылуда. Нәтижесінде кәсіпорын өз өнімінің 60 пайызын шетелге жөнелтіп, экспорт көлемін 40 есеге өсірді. Тек соңғы 2 жылда Ресей Федерациясының ас тұзы нарығының 12 ¬пайызын иемденіп үлгерді. Бұған қоса, жаңадан 200 жұмыс орны ашылды. Мұнан бөлек, Шиелі ауданындағы «Шалқия» кенішінде руданы вертикальды-конвейерлік тәсіл¬мен шығаратын және байытатын инно¬вациялық шешімі қолданылуда.
Бастысы, биылғы жылы облысымызда экспортқа бағытталған 2 жаңа кәсіпорын іске қосылады деп жоспарлануда. Олар – молибден триоксидін өндіретін кәсіпорын («Тримо» ЖШС) мен Шыны зауыты («Orda Glass ltd» ЖШС). Айта кетейік, аталған кәсіпорын қолданысқа берілген кезде әлемде басқа үлгісі жоқ, ерекше технология бойынша молиб¬деннің таза оксиді алынып, өнімді Жапонияға экспорттау мәселесі жолға қойылады. Ал, құрылысы жүріп жатқан жергілікті шыны зауытына бүгінгі таңда АҚШ, Италия, Финляндия, Қытай секілді әлемнің жетекші елдерінен құрал-жабдықтар алынды. Мамандар қажетті қондырғылардың 99 пайыздан астамы жеткізілгенін айтады. Қазіргі уақытта металлоконструкциясын жинау жөніндегі жұмыстар басталды.
2017 жылғы 15 мамыр күні Мемлекет басшыларының Пекин қаласындағы «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық форумының кез¬десуі аясында қытайлық «Чайна ¬Триумф» компаниясы мен қазақстандық «Orda Glass ltd» ЖШС арасында Шыны зауыты¬¬ның құрылысын үстіміздегі жылдың желтоқсанында аяқтау жөнінде меморандумға қол қойылғанын еске сала кетейік. Сонымен қатар, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау жөніндегі келісімге қол қою жоспарлануда.
Қолға алынған тағы бір серпінді жоба туралы айта кетейік. Арал ¬ауданында каль-цийлендірілген сода өндіретін ¬зауыт құрылысын биылғы жылы бастауды жоспар¬ланған-ды. Алайда, жоба бастамашысы тарапынан зауыттың қуатын 200 мың тоннадан 300 тоннаға дейін көбейту туралы шешім қабылдануына байланысты құрылыс жұмыстарының басталуы алдағы жылға қал¬дырылды. Қазір жобаның техника-эко¬номикалық негіздемесіне тиісті өзгертулер енгізілуде.
«Баласауысқандық» кен орнын игеру жөніндегі жоба өткен 2016 жылы британиялық компаниямен қара сланецті автоклавтық өңдеу жөнінде инвестициялық жобаны жү¬зе¬ге асыру туралы ынтымақтастыққа қол қойылды. Жобаның ІІ және ІІІ кезеңін 125 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы шешім қабылданды.  Аталған жоба аясында осы жылдың соңына дейін 15 млн доллар қаржыны игеру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, аймақта тұңғыш рет мұнай  және газ өндірісінде қолда¬нылатын, қуаттылығы жылына 1 млн тонна тампонажды цемент шығаратын зауыт құрылысы басталады деп күтілуде. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Компания Гежуба Шиели Цемент» біріккен кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның құны 64 млрд теңгені құрайды. Зауыт құрылысы кезінде 1200, ал кәсіпорынды пайдалану кезінде 260 жаңа жұмыс орны ашылады. Тек қана биылдың өзінде кәсіпорындармен 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Міне, осы айтылған жобалардың өзі біздің өңірде өңдеуші кәсіпорындардың жұмысы жандана бастағанын айғақтайды.

 


Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз