ШАҒАНДАҒЫ ҮШІНШІ БАЛАБАҚША

53

0

ШАҒАНДАҒЫ ҮШІНШІ БАЛАБАҚШАЖылдың беташар сәті шағандықтар үшін қуанышты жаңалықтарға толы болды. Сырдария ауданы Шаған ауылына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары арнайы келіп, 75 орынды «Балбөбек» бөбекжайын салтанатты түрде ашты. 
Ауданда бос тұрған ескі әлеу¬меттік нысандарды іске жара¬тып, ел игілігіне пайдалану жұ¬мысы жақсы жолға қойылған. Со¬ның нәтижесінде, халыққа қа¬жет¬ті ғимараттар жаңаланып, сыр¬дариялықтарға қызмет көрсетуде. Соның бірі – Шаған елді мекеніндегі ескі мектептің ғимараты қайта жаңғыртудан өткізіліп, балғын бүлдіршіндердің шаттық ордасына айналды. Бұл үлкен ауылдағы үшінші балабақша.
Бүгінгі таңда ауданда 1 санат¬ориялық үлгідегі, 15 мемле¬кеттік, 3 жеке балабақша, 6 толық күнді және 17 толық емес күнді шағын ор¬талықтар жұмыс жасауда. Мектепке дейінгі мекемелерде 64 топта 1454 бүлдіршін, 23 шағын орталықта 1242 бала, барлығы 2696 балғын тәрбиеленуде. Осыған орай, ауданда балабақшамен қамту 100 пайызға орындалды. 
Аудандық бюджет есебінен қай¬та жаңғыртылған бөбекжайдың ашы¬луына халық қалаулылары С.Аб¬драх¬манов, Б.Смағұл, Ә.Са¬парова, Г.Шиповских және ауыл ардагерлері мен тұрғындары қа¬тысты. Бөбекжайдың салтанатты ашылуымен аудан әкімінің орын¬басары Б.Өтегенова құттықтады. 
– Аудан бойынша балаларды мек¬тепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызға қамтылған. Оның ішінде Шаған ауылында осымен үшінші балабақша ашылып отыр. Олардың екеуі мемлекеттік болса, біреуі жеке балабақша. Мұның бәрі елді мекен бүлдіршіндерін мектепке дейінгі біліммен қамтуға байланысты жаса¬лып жатқан жүйелі жұмыстар, – деді аудан әкімінің орынбасары. 
Мұнан соң ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Абдрах¬манов барлық жақсылық – балаларға екенін атап өтті. Сонымен қатар, халық қалаулысы Б.Смағұл ауыл жайлы өлең оқып, өз құттықтауын жеткізді. Ауылдық ардагерлер ке¬ңесінің төрағасы З.Тасбергенов еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстарға ал¬ғысын білдірді. 
Құрметті меймандар бүлдіршін¬дердің өнерлерін тамашалады. Ай¬та кету керек, жаңадан ашылған балабақшаға 1-3-5 жастағы бүл¬діршіндер қабылданып, үш топқа топ¬тастырылған.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Сырдария ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз