ШОБ субъектілерінде 5780 адам жұмыс істейді

52

0

 Сырдария ауданында былтыр 2091 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Онда жұмыспен қамтылғандар саны – 5780 адам.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова мәлімдегендей, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12,2 пайызға өскен. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 2017 жылы құны 13,9 млн теңгені құрайтын 19 жоба грант тетігі бойынша қаржыландырылды. Құны 70 млн 300 мың теңгені құрайтын 3 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды. 231 адам «Бизнес кеңесші» тетігі бойынша оқытылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз