
Еркін Әбілдің жоғарыдағы тақырып негізінде жазылған «Адам бір көшкен керуен», «Үлкен саясат: тұлғалар мен тағдырлар», «Өтпелі кезең өткелдері», «Теңізбен тағдырлас», «Жер-анамен тамырлас» атты кітаптары жарық көрген. Енді, міне, «Шыңдағы шынар» атты деректі-хикаят та оқырмандар олжасына айналып отыр.
Қазыналы Қазалы топырағында дүниеге келіп, ғұмыр бойы адам баласының басты байлығы – денсаулығын сақтауға күн-түн көз ілмей шипалығын жасап жүрген ақ халатты абзал жан Шынтас Зетов – осы шығарманың басты кейіпкері. «Атыңды тану оңай да, ал адамды тану қиын» дегендей, кітапта Шынтастың өзіндік бітім-болмысы, дүниеге көзқарасы, денсаулық сақтау саласындағы өлшеусіз еңбегі көркем тілмен бүкпесіз баян етілген. Адам денсаулығын сақтаудағы оның орасан еңбегін ұрпақтарға ұлағат ету парызы өтелген. Айтқандай, басты кейіпкердің жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мен өмірге көзқарасынан қызықты оқиғаларға кезігіп, тәлімді тәрбие аласыздар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!