ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ШАТТЫҚ

116

0

Қала күні мерекесі аясында орта­лық алаңда бірқатар
мерекелік шаралар ұйым­дастырылды. Салтанатты ­шараны аймақ тұрғындарымен бірге
облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тамашалап, көпшіліктің қуанышымен ортақтасты.

ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ШАТТЫҚ– Береке-бірлігі бұзылмаған Ұлы дос­тықтың ордасы,
Алаштың Ақмешіті атанған Қызылорда қаласының туған күнін атап өтудегі басты
мақсат – жыл көлемінде өңіріміздің
дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген жерлестерімізге алғысымызды
білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Халқымыздың ең басты құндылығы Ел
тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі аясында ұйымдастырылып отырған
айтулы шарада әр отбасына бақ-береке, мерекелік көңіл-күй, шаңырақтарыңызға
шаттық тілей­мін, – деді Қ.Көшербаев.

Аймақ басшысының ­құттықтауынан соң батпырауықтар мен
гүлдер фестивалі қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал былтырдан бері
дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан қауын-қарбыз бен қымыз-шұбат фестивалінде
тұрғындар сырбойылық бағбандардың өсірген қауын-қарбыздарынан тегін дәм татса,
Аралдан бастап Жаңақорғанға дейінгі аралықтағы шипалы шұбат, қымыз өндірушілер
қонақтарға ұлттық брендке айналған сусындарын ұсынды. Қазалылық «Серімов Кеңес”
шаруа қожалығының қызметкері Бағымша Тәжібаеваның айтуынша, қожалық облыс­тық
фестивальға 75 литр
қымыз бен шұбат әкелген. Сонымен қатар,
100 дана қауын-қарбыз, бақша дақылдарынан жасалған өнімдері бар. Мереке
қарсаңында өзге аудандар да жергілікті өнімдерімен ерек­шеленді.

ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ШАТТЫҚМұнан кейін фестиваль ұлттық ­ойындармен жалғасты.
Сайыс барысында шаршы алаң шең­берінде мықтылар анық­талды. Сондай-ақ, ертегі
кейіп­керлерінің шеруі өтті. Мереке қар­саңында ұйымдастырылған игі­лікті
шаралардың бар­лығы да көпші­ліктің көңілінен шықты. Орталық алаңдағы
субұрқақтың ашылуы да өңір тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашылу
салтанатына аймақ басшысы да қатысып, жұртшылықтың қуанышына ортақтасты.

«ТехоснасткаРемсервис» ЖШС мердігер меке­месі­мен
салынған субұрқақтың жалпы сметалық құны 196 млн 297 мың теңгені құрайды. 168
түрлі түске енетін субұрқақ 30
метр биіктікке дейін су бүрки алады. Ал сыртқы беті
керамогранит және ішкі беті гранит тастарымен қапталған. Әртүрлі түске енетін субұрқақ қала келбетіне
айтарлықтай шырай беруде.

Мерекелік шара соңында еліміздің танымал эстрада
жұлдыздары Жанар Дұ­ғалова, Гүлнұр Оразымбетова, Мәдина Сәдуақасова, «Жігіттер»
квартеті және жер­гілікті өнер иелерінің қатысуымен өткен гала-концертке
ұласып, мерекелік отшашу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бірқатар өнер иелері
қаламыздың соңғы жылдары қарыштап дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

– Туған жеріме,
яғни Сыр өңіріне ­келген ­сайын айтарлықтай оң өзгерістерге көз жеткіземіз. Бұл
соңғы жылдары Қызылорда облысында ауқымды істердің жасалып жатқанын көрсетеді.
Бүгіннің өзінде бірқатар нысандар пайдалануға беріліп, көпшіліктің қуанышқа
кенеліп жатқанын естіп жатыр­мыз. Жерлестеріміздің қуанышына ортақ­тасу
мақсатында біз де ән-шашу­мен мере­кенің көңіл­ді өтуіне атсалысудамыз. Барша
қызылор­далықтарды ­шаһары­мыз­­дың ме­рейлі мерекесі­мен құттықтай­мын. Сыр
жұртшы­лы­ғына Қы­­зыл­­о­р­да­мыз дәл осын­дай қар­­қын­мен дами берсін деген
тілегімді жеткіземін, – деді ҚР еңбек сіңірген мә­дениет қайраткері Мадина Сә­дуа­қасова.

 

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.

Суреттер: Бағдат

ЕСЖАНОВ,

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз