ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӘРЕКЕТІ ҚАЛАЙ?

70

0

Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы жылды табысты қорытындылап, жаңа жылды жаңа ұранмен бастамақ. Ол «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі» деп аталады.
Жиында медицина, қаржы, келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру, тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөнінде баяндамалар тыңдалды.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, полковник М.Даулетбахов: – Биыл еліміз үшін берекелі де, мерекелі жыл болды. «ҚР Президенті –  Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев «Қарулы Күштердегі қызмет қазақстандықтар үшін, біздің Отан қорғаған бабаларымыздың ерлік дәстүрлерінен тамыр тартқан патриотизм мектебі» – деген еді.Ендеше, қызметтеріңізге жауапкершілік пен қырағылық таныта біліңіздер! – деп жылы лебізін жеткізді.
Дәстүрлі жиынның тағы бір ерекшелігі – Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған 40 жылдық жалпы жұмыс өтілі бар Қарулы Күштерінің  азаматтық персонал қызметкерлері «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. Зейнет жасына жеткен Қармақшы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері Қабақов Еділ Бекжанұлы, Мұратова Анаркүл Қаржаубайқызы, Жақсығұлов Әбдірахман Шәріпұлы зор ілтипатпен марапатқа ие болды.
Сондай-ақ, қорғаныс саласының қызметкерлері әр түрлі номинация бойынша марапатталса, облыстық филормония өнерпаздары жеке құрамға әннен шашу-шашып, көтеріңкі  көңіл күй сыйлады.
Нұрбек Дәуренбеков.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз