СӘЛЕМ, СОЛ ЖАҒАЛАУ!

52

0

СӘЛЕМ, СОЛ ЖАҒАЛАУ!

жаңа
қоныс, жаңа қаланың көпірі басталды

Кеше аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев
қала­мыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығы тұсынан өзен үстінен салынатын
автомобиль көпірі құрылысының алғашқы қада қағу рәсіміне қатысты. Шаһар халқы
көптен күткен бұл қуанышты шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бір топ
депутаттары да куә болды.

Соңғы жылдары облыс орталығын
перспективалық дамыту бағытында көптеген жобалар қолға алынып, жү­зеге асырылып
жатқаны белгілі. Биыл­дың өзінде бірнеше ірі жобалар қолға алынып отыр.
Солардың бірі – Ғ.Мұратбаев көшесі бойынан Сырдария өзеніне салынатын көпір
құрылысы.

Облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов тұсаукесер рәсімге
арнайылап келген облыс әкімін стенд арқылы көпір құрылысының жобасымен
таныстырып, оның құрылысын елімізге белгілі «Мост­отряд-25» ЖШС секілді тәжірибелі компания жүргізгелі
отырғанын жеткізді. Жиналғандар алдында сөз алған аймақ басшысы Қ.Көшербаев
Қызылорда қаласының 2009 жылы бекіген Бас жоспарына сәйкес 2300 гектарды
құрайтын Сырдария өзенінің сол жағалауын жоспарлы игеру жұмыстары басталғалы
отырғанын қуанышпен атап өтті.

СӘЛЕМ, СОЛ ЖАҒАЛАУ!
Бүгінгі шараны жай ғана көпірдің құрылысы басталды деп қабылдамау керек.
Мұны ұлы өзеннің сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталатын тарихи сәт
деп санауымыз қажет. Бас жоспарға сәйкес бұл аумақта әлеуметтік-әкімшілік,
өндірістік, мәдени орта және шағын бизнес нысандарын салу қаралған. Қала
шығыстық үлгіде салынып, алдағы уақытта онда 90 мыңнан астам халық тұрақты
орналасатын болады. Бұған қоса, біз 15 мың адамды жұмыспен қамтитын боламыз,
– деді аймақ басшысы.

СӘЛЕМ, СОЛ ЖАҒАЛАУ!Халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға
бағытталған игі шарада жылы лебіздер айтылды. Облыстық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Сейілбек Шаухаманов көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Ал,
Ақмешіт-Сырдария орталық мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров құран
бағыштағаннан кейін құрбан шалу рәсімі өтті.

Жалпы құны 5,9 млрд. теңге тұратын
көпір құрылысына биыл республика бюджетінен 1 млрд. теңге қаралыпты. Өзге
қаражат ел қазынасынан 2015 жылы бөлінеді. Ал, көпір құрылысы келер жылдың
қазан айында аяқталады деп күтілуде.

Іске сәт, құрылысшылар!

 

Дәуіржан
ЕЛУБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз