СОҢҒЫ 4 ЖЫЛДА БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ

65

0

 
Арал балығы Еуропада ерекше танымалдылықпен тұтыныла бастады. Бүгінде 8 балық өңдеу зауытының 3-уінің евро коды бар және олар Еуропа үшін балық өнімдерін экспорттайды.
Бүгінде Қызылорда облысында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (САРАТС-2) екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары барысында аймақ экономикасын жаңғырту  мәселелері бойынша өткен жиында мәлімдеді.
– Сыр өңірінің тұрғындары САРАТС-1 жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырғаны үшін Мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдіреді. Осының нәтижесінде Кіші Арал экологиясының жақсаруымен қатар балық өнеркәсібі қайта түледі. Балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды салаларының біріне айналып отыр. Соңғы 4 жылда біздің аймақта балық өндіру көлемі 65 пайызғы артып, балық өнімдерінің экспорты 3 есе ұлғайды. Сонымен бірге біздің кәсіпкер Ульянов облысының Димитровград қаласында балық өңдеу зауытын салып, Арал балығы Еуроазиялық Одақ нарығын игеруде, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Оның айтуынша, жобаның екінші кезеңі Арал өңірін одан әрі қайта түлетуді, суды пайдалану тиімділігін жақсартуды және Сырдария өзенінің төменгі ағысында су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруды көздейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз