Спортшыларға қаржылай сертификаттар тарту етті

73

0

Спортшыларға қаржылай сертификаттар тарту еттіБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Әсел Серікбаймен  және күміс жүлдегері  Назерке Нұрғалимен кездесті. 
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Румынияның Яссы қаласында шахматтан оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатына әлемнің 45 елінен 570 спортшы қатысты, Қазақстан құрама командасынан 33 спортшы бақ сынады. 9 турдан 8,5 ұпай жинаған  Әсел Серікбай  Әлем чемпионы атанып,  Тәуелсіз еліміздің Көк Туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатты. Ал, Назерке Нұрғали  7,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді. 
– Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат – адамның ақыл-ойының дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны  балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Әсел, Назерке, міне осындай интеллектуалды додадағы сіздердің жеңістеріңіз мыңдаған жастың шахматқа деген құлшынысын арттыра түскеніне сенімдімін. Егер әрбір жас осылай өз мақсатына ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады,-деген облыс әкімі  спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы уақыттарда   Уругвайда жасөспірімдер арасында, Италияда жастар арасында  өтетін Әлем чемпионаттарында және Әсел Үндістанда болатын жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қолдан бермей, абыройымызды тағы да асқақтатады деп сенеміз,-деді.  
 Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали және олардың бапкері Василий Шимелков аймақ басшысына және барлық жанкүйерлеріне алғыстарын білдірді. 
 Облыс әкімі Әсел Серікбайға  500 мың теңгенің, Назерке Нұрғалиға 300 мың теңгенің, ал  жаттықтырушысына 200 мың теңгенің  сертификаттарын  табыс етті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз