СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС

140

0

Кез келген өркениетті ел үшін сыбай¬лас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәсе¬лелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық елдегі жетістіктерді жоққа шығарып қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке де орасан зор қауіп-қатер әкеледі. Сондықтан да біз сияқты дамушы ел үшін осы зұлымдықпен күресу мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі болып отыр.
Елбасымыздың ұстанған сыбайлас жем¬қор¬лыққа қарсы күрес саясатын азамат¬тар арасында кеңінен насихаттау, оның алдын алу және туындау себептерін түсін¬діру мақсатында облыстық ішкі саясат бас¬қармасы да жүйелі жұмыстар атқаруда. Атап айтар болсақ, қоғамдағы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында ең алдымен басқарма басшыларының жыл¬дық табысын облыс әкімдігінің ресми интер¬нет-ресурсында жариялап, халық үшін жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне арналған арнайы пошта жәшігін аштық. Сонымен қатар, облыс тұрғындары үшін «Сенім телефонын» (60-53-20) іске қостық.
Сондай-ақ, басқарма қызметкерлері ара¬сында да «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік сବтып алуды жүргізу тәртібі туралы», «Сыбайлас же쬬қорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыптағы заң¬ды¬лықтар бойынша түсіндірмелер үнемі жүргізіліп келеді. 
Басқармада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қолға алынған тағы бір кешенді шаралардың бірі – «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орнала¬суға жарияланған конкурстарды барынша объективті өткізу. Яғни, басқармада өткізіліп жатқан барлық конкурсқа байқаушылар ретін¬де БАҚ өкілдерін, қоғамдық бірлестіктердің, уәкілетті органның, яғни Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерін үнемі қатыс¬тырып тұрамыз.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін бол¬дыр¬мау және алдын алу мақсатында басқар¬маның  Мем¬лекеттік сатып алу рәсімдерінің барлығы заң аясында ашық түрде www.goszakup.gov.kz республикалық веб-пор¬талына электронды хабарлама беру арқы¬лы жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан 57 лот бойынша ашық   конкурстар   және  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 19 лот бойынша конкурстар өткізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеу¬меттік тапсырысы аясында ақпан айынан бастап «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған «Азаматтық қоғам» әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. 
Жоба аясында 2017 жылдың 26-27 сәуірінде Жаңақорған және Жалағаш аудан¬дарында «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес – мемлекеттік міндет» тақырыбында аудан тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қыз¬метшілер, бюджеттік сала мамандары, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесулерге Қазақстан Республи¬ка¬сының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент¬тігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері, Жалағаш аудан¬дық прокуратурасының өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, 2017 жылдың наурыз айында Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Ясауи көшесі бойына «Біздің таңдауы¬мыз – жемқорлықсыз болашақ!» тақырыбында билборд орналастырылды. Одан бөлек, «Пара беру – бас бостандығыңнан және бола¬шағың¬нан айырады!», «Дача взятки лишает свободы и будущего» тақырыптарында А5 форматта 400 дана стикерлер Қызылорда қала¬сындағы қоғамдық көліктер мен тұрғын үй аулаларына ілінді.
Сонымен бірге, 2017 жылдың 23-24 мамырында Шиелі, Жаңақорған аудан¬дары мен Қызылорда қаласындағы «Бола¬шақ» медицина колледжінде «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Сондай-ақ, 19 мамыр күні қалалық мәдени және демалыс паркінде «Сыбайлас жем-қорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақы¬рыбында акция ұйымдастырылды. Шараға  200-ден аса қала тұрғыны қатысты. Шара барысында қала тұрғындарына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақ¬параттық жадынама таратылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.  
Сыбайлас жемқорлықпен күресте басқа¬ларға үлгі-өнеге көрсетуде басқарма тара¬пынан жүйелі жұмыстар әлі де қолға алы¬натын болады. Біз мемлекетімізді көр¬кейту жолында Елбасы ұстанған саясатты насихаттап, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар туғызуды одан әрі дамытуға жұмыс істейміз.
А.ҚАЙРУЛЛАЕВ,
облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз