\»СЫР БОЙЫ\» ГАЗЕТІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

115

0

30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында ОСК Төрағасы Берік Имашев  бұқаралық ақпарат өкілдерін  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депуттарын сайлау тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді әрі сапалы насихаттағаны үшін үздік масс-медиа өкілдері анықталды.
Ортсайлауком Төрағасының алғыс хаттарымен:
– «Хабар» агенттігі» АҚ төрайымы Алмагүл Ахметжанова Сенат депутаттары сайлауын телеарналарда үздік жария еткені үшін;
– «Алаш Медиа Групп» ЖШС директоры Айбек Алдабергенов Сенат депутаттары сайлауын медиа ресурстарында үздік жария еткені үшін;
– «Казинформ» АА Бас редакторы Бибинұр Тәңірбаева Сенат депутаттары сайлауын ақпараттық агенттіктерде үздік жария еткені үшін;
– «Today.kz» АА директоры Асель Төлегенова Сенат депутаттары сайлауын ақпараттық агенттіктерде үздік жария еткені үшін;
– «Сыр бойы» газетінің Бас редакторы Жұматәлі Әбдіраманұлы аймақтық БАҚ арасында Сенат депутаттары сайлауын үздік жария еткені үшін марапатталды.
Алматы қалалық сайлау комиссиясы төрайымы Жанна Асанова «Үздік спикер» атанды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз