«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ

89

0

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫШиелі кентіндегі «Тастүлек» теннис клубы салауатты өмір салтын сүйетін жандардың  мекені және әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастыратын орталық десек болады. Міне, аптаның жұмасы күні облыстық «Сыр бойы» газетінің оңтүстік аудандарындағы оқыр-мандары үстел теннисінен басылым жүлдесін сарапқа салды. Бұл бәсекеге Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 18 ауыл спортшылары қатысты. Аталған сайысты ¬ынталы топ ұйымдастырып, оған өздері демеушілік те жасады. 
Облыстық «Сыр бойы» газетінің жүлдесіне арналған үстел теннисі турнирін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып құттықтау сөз сөйлесе, аудандық ардагерлер кеңесінің төр¬ағасы Сұлтанбек Оразымбетов шежі¬релі басылымның әрбір санын асыға күтетін оқырманы екендігін алға тартып, ынталы топтың аймақтың аға басылымына деген құрметіне сүйсініп, бұл бастамаға қолдау білдірді. Ал Қазақстанға  еңбегі сіңген қызметкер, әнші-сазгер Әлмырза Ноғайбаев өнерінің елге танылуына аға газетте өзі туралы жарияланған  мақалалардың себеп болғандығын еске алып, биыл¬ғы жылы да басылымға алдыңғы қатар¬дағылар сапында жазылғанын айтып, әннен шашу шашты. 
Турнир қорытындысында Жаңақорған ауданынан аграрлық-техникалық колледжінің дене шынынықтыру пәнінің мұғалімі Нұр¬бол Құлажанов бі¬рін¬ші орынға көтерілсе, ІІ, ІІІ орын¬дар¬ға  Шиелі аудандық оқушылар үйі үйірмесінен қатысқан Мағжан Шардарбеков және жаңақорғандық Нұрсұлтан Әбдішев иеленді. Үздік өнер көрсеткен және жеңіске деген жігерлілігі үшін аталымына Алтынбек Әуелбеков, Айболат Сағынаев және Нұртуған Ғалымұлы лайық деп танылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ. 
Шиелі кенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз