СЫР БОЙЫНДА ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ ЖАТЫР

73

0

СЫР БОЙЫНДА  ҰЛТ ШЕЖІРЕСІ ЖАТЫРҚазақстан Халқы Ассамблеясы ұйым¬дас¬тырған дәстүрлі форумның негізі тарихымызды зерделеп, ұлттық бірлікті нығайту болып табылады. Бұл іске мұрағат қызметкерлерінің де тікелей қатысы бар. Тарихи деректер негізінде   ұлттық архив қорын насихаттау арқылы біз үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз. ҚР Президентінің архиві Қазақстан Халқы Ассамблеясымен 2010 жылдан бері әріптестік байланыс орнатып келеді.
Сол жылы ТМД елдері тарихшылары бас қосқан Елордадағы форумда ХХ ғасыр тарихы зерделенген құнды еңбектерді жариялауға аса мән берілді. Зардап шеккен халықтардың тарихы әрдайым күн тәртібінде болатыны көрсетілді. «Зардап шеккен халықтардың қасіретін есте сақтау – біздің парызымыз. Бұл – қасіреттің қайталануына ешқашан жол бермеуіміздің кепілі» деген Елбасының сөздері патриотизм мен мемлекеттіліктің, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің халық жадысына негізделгенін көрсетеді. 
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы тарихи естеліктер арқылы ұлттық бірлікті және этносаралық төзімді ортаны нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл құжаттар арқылы біз өткеннен сабақ аламыз. Сондай-ақ, сол жылдардағы қасіреттің себептерін талдай отырып, ата-бабамызға құрметпен қараймыз. Қызылорда қаласы – ХХ ғасыр¬дың 20-жылдары Қазақстанның астанасы мәртебесіне ие болған шаһар. Көне заманда Сыр елін мекендеген қаңлылар мен оғыздар көне түркі мемлекеттерін құрып, бұл аймақты Ұлы Жібек жолындағы ¬саяси ордаға айналдырғаны баршамызға мәлім. Облыс тарихы рухани мәдениетке де бай. Бұл өңірде батырлардың, ақындар мен ойшылдардың ескерткіштері сақтал¬ды. Соның ішінде Қорқыт бабамыз жайын¬дағы деректерге бүкіл түркі әлемі құрметпен қарайды. 1930-1940 жылдары Қызылорда аумағы Кеңес билеген ұлттар жөніндегі саясаттың құрбандары болған, бірнеше қоныс аударған және Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуацияланған халықтардың мекеніне айналды. Олар жергілікті халықтың қамқорлығына бө¬ленді. Сондықтан кезекті форумды қасиетті Сыр өңірінде өткізудің маңызы зор деп есептеймін. Бүгінгі халықаралық форумда «Халық жады – рухани жаңғырудың іргетасы» атты баяндама жасадым. Сондай-ақ, басқа да бірқатар ғалымдардың зерттеу-еңбектерінен қасіретті жылдардағы оқи¬ға¬лар жайында тың деректер алдық. Сон¬дықтан, бұл басқосу өткенді ұмытпауға және бабалар ерлігін дәріптеуге мол мүм¬кіндік береді деп есептеймін. 
Борис ЖАПАРОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті 
архивінің директоры.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз