СЫР ДИҚАНДАРЫНЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ

193

0

облыс егіншілері рекордтық 395 мың тонна өнім жинады
СЫР ДИҚАНДАРЫНЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫСенбі күні Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында «Алтын күз-2014» мерекесі аясында биылғы егін жинау қорытындысы бойынша өндіріс озаттарын марапаттау салтанаты болып өтті. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың ауылшаруашылық саласы мамандарын қол жеткізген табыстарымен шын жүректен құттықтады.
– Биыл облыс диқандары 161,3 мың гектарға егілген ауыл шаруашылығы дақыл¬дарын толығымен жинап алды және оның көрсеткіштері де жоғары болды. Оның ішінде негізгі дақылымыз 81245 гектарға егіліп, күтімге алынды. Егер өткен жылы күріштің гектарынан 48,8 центнерден өнім алсақ, биылғы жылғы көрсеткіш одан да жоғары болып отыр. Биыл күріштің әр гектарынан 50,1 центнер өнім алынып, ел қамбасына 395 мың тоннадан астам Сыр маржаны құйылды. Бұл – еліміз егемендік алған жылдардың ішіндегі ең жоғары рекордтық көрсеткіш, – деді аймақ басшысы.  – Өңірімізде басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім алынды. Келесі жылдың егісі үшін қажетті тұқым құйылып, төрт түлік малдың қысқа қажетті азығы жиналды. Облыс бойынша ірі қара малдың басы 263,4 мың басты құрап, уақ малдың саны 609,4 мың басқа жетті. Сүт өнімдерінің көрсеткіші 104 пайызға өсті.
Аймақ басшысы облыста ауыл шаруашылық саласын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Аграрлық-инновациялық кластерлер» құруымыз қажет деп тапсырма берген болатын. Соған орай, үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы саласында ғылыми негізделген 11 инновациялық жоба өндіріске енгізілуде. Оның ішінде, өндіріске жаңа күріш сортын енгізу және тарату, топырақ өңдеуді минимализациялау арқылы күріш және әртараптандыру дақылдарын өсіруде су, ресурс үнемдеу технологиясын қолдану, мал шаруашылығының берік малазықтық қорының негізін жасау мақсатында арпа, сұлы дақылдарының тиімділігін пайдалану, суды тиімді пайдалану, жоңышқа дақылының өнімділігін арттыратын және зиянкестерін жоятын биологиялық препараттарды өндіріске қолдану ет бағытындағы қой және мүйізді ірі қара малын селекциялық тиімді әдіспен өсіру жөніндегі жобалар іске асырылуда.
Салтанатты жиында Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық күріш өндіруші және қайта өңдеушілер ассоциациясының төрағасы Абзал Ералиев  Елбасыға арналған Үндеуді оқыды.
– Сіз Алаштың анасына балаған Сыр өңірінің әр саласында серпінді даму бар. Бүгінде Кіші Аралдың айдыны шалқып, ТМД елдерімен қатар Еуропаға дейін балық өнімдері экспортталуда. Еуропа мен Азияның түйісу аймағында орналасқан Қазақстанның транспорттық әлеуетін тиімді пайдалану үшін Сіздің бастамаңызбен салынған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі аймақта өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін таяу және алыс шетелдерге тасымалдауға мүмкіндік туғызып, саланың өркендеуіне жаңа қарқын беріп отыр, – деді Елбасыға арналған Үндеуінде Абзал Жұмашұлы.
Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстың ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын 23 түрлі номинациямен марапаттап, 150 мың теңге ақшалай және заттай сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар «Мал шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жаңақорған ауданы, «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен» – Жалағаш ауданы, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістіктерге жеткен» Шиелі аудандары марапатталды. Ал «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген «Үздік аудан» номинациясы бойынша Бірінші дәрежелі дипломын Сырдария ауданы иеленді.
 Ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын марапаттау салтанаты мерекелік концертке ұласты.
Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.
2014 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша арнайы номинациялармен марапатталғандар: 
1. «Озат бағбан” номинациясы бойынша, Жаңақорған ауданының бағбаны, Төлепбергенова Айзада марапатталды. 
Заманауи технологияларға сай әдістер арқылы 15 га жерге жеміс ағаштарын отырғызуды қамтамасыз етті.
2. «Озат картоп өсіруші” номинациясы бойынша, Жалағаш ауданы «Таң ЛТД» шаруа қожалығының картоп өсірушісі Қуантаев Ахан Мұқтарұлы марапатталды. 
Тамшылатып суару әдісімен 12  гектар картоп дақылын егіп, әр гектарынан 28 тонна өнім жинаған.
3. «Озат бақша өсіруші” номинациясы бойынша, Шиелі ауданы «Бидайкөл» шаруа қожалығының бақша өсірушісі Малдыбаев Қойшыбай марапатталды. 
4 гектар бақшаның әр гектарынан 62 тонна өнім жинаған. 
4. «Озат жоңышқа өсіруші” номинациясы бойынша, Шиелі ауданы, «Ақмая» шаруа қожалығының жоңышқа өсірушісі Ибрагимов Ермек марапатталды. 
Аса құнарлы мал азығы жоңышқа дақылын күтіп-баптап, оның әр гектарынан 250 центнер жоңышқа шөбін жинауды қамтамасыз еткен.
5. «Озат бидай өсіруші” номинациясы бойынша, Жаңақорған ауданы, «Сұңқар» шаруа қожалығының бидай өсірушісі Таутенбаев Ермек марапатталды. 
Өзіне бекітілген 60 гектар бидайды агротехникалық талапқа сай күтіп-баптап, әр гектарынан 45 центнер өнім алуды қамтамасыз етті.   
6. «Озат күріш өсіруші” номинациясы бойынша, Жалағаш ауданы, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының күрішшісі Нұрмаханов Қалдашбай марапатталды. 
Өзіне бекітілген 62 гектар Сыр маржанын агротехникалық талапқа сай күтіп-баптап, әр гектарынан 78,0 центнер өнім алуды қамтамасыз етті. 
7. «Озат сушы (гидротехник) номинациясы” бойынша, Қармақшы ауданы «Қармақшысушар» өндірістік учаске басшысы Айтмағанбетов Маратбек Шөмекейұлы марапатталды. 
Су беру маусымында ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суармалы сумен қамтамасыз етті.
8. «Озат жатка машинисі” номинациясы бойынша, Қазалы ауданы, «Сырмаржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық орушысы Сәрсенбай Омар Кенжебайұлы марапатталды. 
Күріш ору науқанында «МАГДОН» маркалы жаткасымен 1400 га күріш орып, маусымдық межесін 2,6 есеге асыра орындаған.
9. «Озат комбайншы” номинациясы бойынша, Жалағаш ауданы, «Сәрке Батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайнері Бархатов Ғабит марапатталды. 
Үстіміздегі жылы күріш жинау науқанында жоғарғы өнімділікпен жұмыс атқаратын шетелдік маркалы «Клаас» комбайнымен 4730 тонна күріш бастыруды қамтамасыз еткен.
10. «Озат бақташы” номинациясы бойынша, Арал ауданы, «Ықылас» шаруа қожалығының бақташысы Алпысбаев Ықылас марапатталды. 
Өзіне бекітілген  376 бас ірі қараны  толығымен аман сақтап, әр   100 сиырдан 88 бұзау алуды қамтамасыз етті.
11. «Озат шопан” номинациясы бойынша, Жаңақорған ауданы, «Ақсенгір» шаруа қожалығының шопаны Әуелбеков Абдрахман марапатталды. 
Отардағы 850 қой басын 100,0 пайыз аман сақтаған. Биылғы жылы әр 100 саулықтан 120 қозы алуды қамтамасыз еткен.  
12. «Озат жылқышы” номинациясы бойынша, Қазалы ауданы, «Аржиков Б» шаруа қожалығының бақташысы Аржиков Берік Жұбаназарұлы марапатталды. 
374  бас жылқыны  100,0 пайыз аман сақтап, әр 100 биеден 91 құлын алуға қол жеткізді.
 13. «Озат түйекеш” номинациясы бойынша, Арал ауданы,  «Құланды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түйекеші Ақбаев Жанкелді марапатталды. 
Келедегі 189 бас түйенің 100,0 пайызын аман сақтап, 100 інгеннен 57 бота алуды қамтамасыз етті. 
14. «Озат балықшы” номинациясы бойынша, Арал ауданы, «Арал балық өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балықшысы  Сырымбетұлы Достық марапатталды. 
Жыл басынан бері 290 тонна балық аулап, облыс тұрғындарына сатуды қамтамасыз еткен.
15. «Озат бригадир” номинациясы бойынша, Қармақшы ауданы, «Достық жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бригадирі Кан Виктор марапатталды. Бригада ұжымы егілген 594 гектар Сыр маржанын агротехникалық шараларға сай күтіп-баптап, оның әр гектарынан 53 центнерден өнім жинаған.
16. «Озат бригадир” номинациясы бойынша, Сырдария ауданы, «Қызылдихан» шаруа қожалығының бригадирі Ерғалиев Тахир марапатталды. Бригада ұжымы егілген 594 гектар Сыр маржанын агротехникалық шараларға сай күтіп-баптап, оның әр гектарынан 53 центнерден өнім жинаған.
17. «Озат өңдеу кәсіпорны” номинациясы бойынша, Қызылорда қаласы, «Най-Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Дүйсенбаев Марат Базарбайұлы. 
18. «Озат асыл тұқымды мал шаруашылығы” номинациясы бойынша, Қазалы ауданы, «Рза-Асыл түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Спанов Абзал. 
Мал басы 100,0 пайыз аман сақталған. 9 айда 56 тонна ет және 4121 тонна сүт өндірілген.
19. «Озат егін шаруашылығы” номинациясы бойынша, 2 дәрежелі дипломмен  Сырдария ауданының «Шаған жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Қадыров Бердібек Бермағанбетұлы. 
Шаруашылық  2900 гектар күріштің әр гектарынан 55,0 центнерден өнім жинаған. 
20. «Озат егін шаруашылығы” номинациясы бойынша, 1 дәрежелі дипломмен  Сырдария ауданының «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Ералиев Дархан Жұмашұлы. 
Серіктестік 1883 гектар күріштің әр гектарынан 71,0 центнерден өнім жинаған. 
21. «Озат егін шаруашылығы” номинациясы бойынша, 1 дәрежелі дипломмен, Қармақшы  ауданының «Жаңажол» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Әбішев Қылышбек Қуанышбайұлы. 
Шаруашылық  2986  гектар күріштің әр гектарынан 72,5 центнерден өнім жинаған. Шаруашылық жыл сайын күріш өндірісіндегі агротехникалық талаптарды қатаң сақтайды. Қазіргі кезде келесі жылдың егісіне қажетті тұқым толық құйылып алынып, сүдігер жырту жұмысы қарқынды жүргізілуде.
22. «Озат теледидар тілшісі» «Қазақстан-Қызылорда» арнасының редакторы Башарова Гүлшара Есенбекқызы марапатталды. 
Ауыл еңбеккерлеріннің биылғы тыныс-тіршілігін, игі істерін аса шеберлікпен бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялануын қамтамасыз етті.
23. «Озат газет тілшісі,» «Кызылординские вести» газетінің журналисі Жакибаева Мира Ақтілекқызы марапатталды. 
Биылғы жылғы ауыл жаңалықтарын баспасөзде үнемі жарық көруіне ықпал етті.
24. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде үздік жетістіктерге жеткен  озат аудан» номинациясы бойынша Екінші дәрежелі дипломмен Шиелі ауданы марапатталды. 
Аудан әкімі  Сарсенбаев Қайрат Әубәкірұлы.
25. «Мал шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудан» номинациясы бойынша Екінші дәрежелі дипломмен Жаңақорған ауданы марапатталды. 
Аудан әкімі  Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы.
26. «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен  озат аудан» номинациясы бойынша Екінші дәрежелі дипломмен Жалағаш ауданы марапатталды. 
Аудан әкімі Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы.
27.  «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең  жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген Үздік аудан» номинациясы бойынша, Бірінші дәрежелі дипломмен Сырдария ауданы марапатталды.
Аудан әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз