СЫР ЕЛІНДЕГI ШАПАҒАТТЫ САПАР

95

0

СЫР ЕЛІНДЕГI ШАПАҒАТТЫ САПАРБиылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ту етіп, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясымен қуаттанған, «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын дәріптеген республикалық «Мәңгілік Ел» акциясының топ мүшелері сенбі күні Сыр еліне келді. Өңірге табан тіреген «Мәңгілік ел» пойызының топ құрамын облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев бастаған сырбойылықтар сәнсалтанатпен қарсы алды. Теміржол вокзалында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев делегация мүшелеріне сәттілік тілеп, «Мәңгілік ел» жолындағы дамуымыздың жедел, келешегіміздің кемел болуына тілектестігін білдірді. Ал топ жетекшісі Әміржан Әлпейісов бастаған топ мүшелері қала тұрғындарына шараның мәнмағынасы мен маңызын түсіндіріп берді.

Теміржол вокзалында өткен кездесуден соң А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлер, түрлі сала өкілдері мен қала тұрғындары және жастар делегация мүшелерімен кездесті. Жиын барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры әрі топ жетекшісі Әміржан Әлпейісов Сыр елінің өткені мен бүгінгісіне тоқталып, тарихи тұлғаларына қатысты тағылымды ойларымен бөлісті.

Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, қазақстандықтарды  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегіне біріктіруді мақсат тұтқан пойыз сапарын республикамыздың 33 елді мекенінде өткізу жоспарланған. Сыр өңіріндегі алғашқы аялдама тарихы терең Қазалыдан басталып, делегация құрамындағы Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Әділет министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өзге де салалардың білікті мамандары, басшылары жұртшылыққа ақылкеңес беріп, арнайы қабылдау жасайтынын жеткізді.

Ғалымның ойлы әңгімелерінен соң Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын, «Қазақстан жаңа жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы алға қойған басты міндеттері мен мақсаттары жайында Астана қалалық «Қоғамдық келісім орталығы» директоры Талғат Жақиянов тоқталды.

Астана қалалық «Ахыска» түрік мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Аскер Пириевтің лебізі де көпшіліктің көңілінен табылды. Бауырлас халықтардың баянды бірліктері арқасында күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына айтар алғыстары аз болмауы тиіс деген ол көпұлтты Қазақстанның биік белестерді бағындырар кезі алда деп қорытты. Шара аясында қатысушылар ел дамуы мен бірлігі бағытында сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарға қанықты.

Кездесуден соң топтағы әр саланың мамандары жоспарға сәйкес бөлініп, облыс тұрғындарына кәсіби тұрғыда кеңестер беріп, жұмыстарын жалғастырды.

Ұлт денсаулығы қашанда мемлекеттің назарында. «Мәңгілік ел» пойызындағы Астана және Алматы қаласынан жасақталған дәрігерлер тобы облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында халыққа 25 түрлі тегін медициналық қызмет көрсетіп, кеңестер берді. Отызға жуық білікті дәрігерлер құрамында нефролог, уролог, гематолог, ортопедтравматолог, пульмонолог сынды дәрігер мамандар бар. Оларды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің өкілі Нұрлан Қыдырбаев бастап келді.

 

Балалар дәрігері Гүлжан Аманбай қант диабеті және темір жетіспеушілігімен келген балалар саны мол болғанын айтады. Ал травматологортопед Сейдалы Әбдалиев таңертеңмен түрлі жарақат алған науқастардың төртеуіне Астанаға жоспарлы отаға жолдама бергенін, тұрғындардың денсаулығына бейжай қарамайтынын жеткізді.

«Мәңгілік ел» акциясының бастамашыл тобының сала мамандары халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет түрлерін тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті. Әділет министрлігінің өкілі Ләйлә Ермаханова бастаған топ халыққа құқықтық қызметтің сансалалы тармағындағы қызмет алу жүйесімен таныстырып, кеңестерін берді.

Біздің құрамдағы қызжігіттер әлемдік ЖООда білім алып, тәжірибе жинақтаған біліктілігі жоғары жандар. Олар акция басталғалы бері 28 елді мекенде 600-ден астам адамға құқықтық қызмет көрсетіп, оның 80 пайызға жуығы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, – дейді министрлік өкілі.

Құқықтық кеңес берген заңгерлер тұрғын үйді заңдастыру, сот актісінің орындалуы, мұрагерлік жайында сұрақтар көп болғанын айтады. Мәселен, қызылордалық Набира Есіркепова астаналық мамандарға өзінің жуырда ғана ипотека арқылы алған екі бөлмелі үйдің құжаттарын заңдастыру жайында ақылкеңес алса, зейнеткер Бота Рысмаханова құқықтық кеңестерге әсіресе зейнеткерлер зәру екенін білдіріп, ұйымдастырылған шараға алғысын білдірді.

Сондайақ, пойыз құрамындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнесті сервистік қолдау» департаментінің басшысы Мұхтар Мырзахметов облыстық кәсіпкерлер палатасында болып, ісін бастаушы және тұрақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлермен кездесті. Кеңес алу барысында қала тұрғындары орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша өзекті сұрақтарына жауап тауып, түйткілді мәселелерінің оң шешілгеніне разы болды.

Бір күнге жоспарланған кездесулер ішінде делегация құрамы жуырда ашылған «Достық үйі» ғимаратын аралап, түрлі этностың құнды жәдігерлері қойылған мұражаймен, концерттік зал, ЭМБ кабинеттер және кітапханамен танысты. Онда ҚХАның облыстық хатшылығы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» басшылығымен кездесіп, «Бейбітшілік және келісім үлгісіҚазақстан бренді» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Шараға қатысушылар фокус топпен жұмыс жасап, ойларын,  пікірлерін ортаға салды.

Мұнан сон қонақтар былтыр ашылған жаңа №278 орта мектептің түлектерімен кездесу өткізді. Жас өрендерге «Мәңгілік ел жас­тарыиндустрияғабағдарламасын кеңірек түсіндіріп, ел болашағы жастарға жасалып жатқан мемлекеттің қамқорлығы шексіз екенін жеткізді.

«Қыз Жібек» мейрамханасында топ мүшелері мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнап қайырымдылық акциясын жасады. Көңілі пәс балғындарға жаңа киімкешектер сыйлап, көңілдерін аулады.

Түстен кейін топ мүшелері арнайы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында болып, корей тілін оқыту кабинетінің жұмысын көрді. Шара аясында қалалар мен елді мекендердің кітапханаларына кітаптар топтамасымен қамтамасыз ететін «Теңдессіз сыйлық» қайырымдылық шарасы өтіп, этносаралық қарымқатынасқа арналған кітаптар облыстық әмбебап кітапханасына сыйға берілді. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы ҚМУдың Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының ұжымымен кездесіп, еліміздегі татулық пен бейбітшіліктің жасампаздығына сенім білдірді.

Делегацияның негізгі мақсаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын халыққа жақын таныстыру, шалғай елді мекен тұрғындарының түйіткілді мәселелерімен танысу.

***

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз орталығында  «Мәңгілік ел» пойызы жалпы республикалық акциясы аясында делегация мүшелері БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз конференциясын өткізді. Онда делегация басшысы Әміржан Әлпейісов, делегация мүшелері, «Қоғамдық келісім орталығы» РММ директорының орынбасары  Талғат Жақиянов  және «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ басқарма басшысы Руслан Барбасов  республикалық акцияның маңыздылығына кеңінен тоқталып, атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып берді.

Жалпы акцияның негізгі мақсатықазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұғырнамасына байланысты және Елбасының бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегіне қазақстандықтарды біріктіру болып табылады.

Міне, қасиетті Сыр еліне де табан тіредік. Бұл мекеннің
тарихы тереңде. Сыр топырағынан қанша ғұламалар, батырлар, қайраткерлер шыққаны
тарихтан белгілі.

Біздің «Мәңгілік ел» пойызы
15 ақпанда жолға шыққан еді. Елбасының тапсырмасы бойынша бас­тау алған осы игі
істің басында 100-ден аса түрлі сала мамандары бар. Оның ішінде көпшілігі
медицина саласының қызметкері. Шетелдерде білімін жетілдірген, тәжірибе алмасып
келген, соңғы технологиялармен тиімді жұмыс жасай алатын  өз ісінің үздіктері акция барысында
тұрғындарға кеңес беріп, квота алу жайын да түсіндіріп, жолдама беру  жұмыстарын жасады, – деді делегация басшысы
Әміржан Әлпейісов.

Делегация өткен жұма күні
Қазалы ауданында болған. Онда 800-ден аса адам қабылдап, жалпы шараға
2500-дей  жан қамтылды.

«Мәңгілік ел» пойызының тағы
бір бағыты ел ішіндегі тұрақтылық пен бірлікті нығайту болып табылады. Бұл
жайында делегация мүшесі Талғат Жақиянов айтып берді.

– Жалпы біз осы уақытқа дейін
35 мыңнан аса халықты қабылдадық. Оның 11 мыңнан аса адамы дәрігерлердің
көмегіне жүгінген. Сонымен қатар халықпен кездесу барысында «Мәңгілік ел»
идеясын, оның негіздерін түсіндіру және этносаралық татулықтың қалыптасуы
турасында айтып келеміз. Кездесуге келген тұрғындардың сауалдарына жауап
береміз. Олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап шешілуіне атсалысамыз. Бүгінде
Ассамблея жанынан көптеген қоғамдық құрылымдар құрылуда, – деді ол.

– «Қазақстан теміржолы» ұлттық
компаниясы» АҚ әлеуметтік іс-шараларға әрдайым қолдау білдіріп келеді. Өткен
жылы Ассамблеяның 20 жылдығына  орай
«Менің Қазақстаным» акциясын өткізген болатын. Жалпы бекітілген кесте бойынша
33 аялдама жасауға тиіспіз. Осы 33 елді мекенде жоспарланған іс-шараларымызды
өткізіп келеміз. Негізінен пойыз 9 вагоннан құралған. Онда мамандар үшін барлық
жағдай жасалған. Кесте бекіткенде өткен жылы тоқтаған аялдамадан өзге де
өңірлерге баруды құп көрген болатынбыз. Соны жүзеге асырдық. Ендігі бағытымыз
Түркістан қаласы, – деді Руслан Барбасов.

 Пойыз 15 ақпанда Астана қаласынан шығып,
еліміздің түкпір-түкпірін аралап, 11 наурызда Қазалы ауданына, 12 наурызда
Қызылорда қаласына табан тіреді. Сыр өңірінің жұртшылығы қонақтарды
сән-салтанатпен қарсы алды. Мамандырылған пойызды күту барысында мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп сонымен қатар
әлеуметтік, құқықтық, денсаулық сақтау, ҮЕҰ мүшелеріне кеңестер беріліп,
қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Алдымен делегат мүшелері А.Тоқмағанбетов
атындағы мәдениет үйінде «Мәңгілік ел» идеясын, Президент Н.Назарбаевтың
«Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті
Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын түсіндіру бойынша қала тұрғындарымен
кездесу өткізді. Мұнан кейін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» тақырыбында
мектеп түлектерімен  және «Жалпыға Ортақ
Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету, кәсіпті насихаттау мақсатында оқу орындарының
жастарымен жүздесті.

***

Сенбі күні Қызылорда қаласына
келген «Мәңгілік ел» пойызы өкілдері түрлі іс-шараларға қатысып, тұрғындармен
кездесіп кеңестер берді. Осы орайда шара соңы «Достық үйінде»  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Мәңгілік ел» акциясының гала-концертіне жалғасып, қорытындыланды. Шараны
делегация жетекшісі Әміржан Әлпейісов ашып, Сыр елінен алған ерекше әсерлерімен
бөлісіп, акцияның кең ауқымдылығына тоқталып өтті. Концерттік бағдарламада  әр ұлттың биін билеп, патриоттық әндер
шырқалды. Жергілікті өнерпаздар бар өнерлерін ортаға салып, қонақтарға әсерлі  көңіл-күй сыйлады.

***

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік ел» пойызы Сыр еліне де келді.
Делегация мүшелері «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету, техникалық
кәсіптерді насихаттау мақсатында Қазақ гуманитарлық заң және техникалық
колледжінде студенттермен кездесу өткізді. Шара барысында Астана қаласының
«Қоғамдық келісім орталығы» директоры Талғат Жақиянов Елбасының алға қойған
басты міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.Студенттермен еркін әңгіме құрып,
жастардың қоғамдағы орнын талқылады.

Кеш соңында студенттер
жүрекжарды өлеңдерін оқып, сұрақтар қойды. Аталған колледждің «Құқықтану»
мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенті Қайрат Жағыппар жас­тар үндеуін
оқыды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Есенбаев кеш
қонақтарына алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.

***

«Мәңгілік ел» пойызының
мүшелері түрлі кездесулер өткізді. М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжде
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру маманымен Батыс Қазақстан облысы «Азаматтық
Альянсы» атқарушы директоры Ғалым Дүзембаевтың қатысуымен семинар-тренинг
өтті.Шараға түрлі сала мамандары, кәсіпкерлер, колледж мұғалімдері мен
студенттері қатысты.Мамандар азаматтарды толғандырған барлық сұрақтарға жауап
берді.

«31 наурызға дейін
Қазақстанның барлық үкіметтік емес ұйымы ҮЕҰ жалпы тізіміне енгізу үшін өз
қызметі жайында есеп тапсыруы тиіс. Бұл еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің
бірыңғай мәліметтер базасын құру үшін қажет. «Мәңгілік ел» пойызы акциясы
аясында біз өңірлерде 7 наурызда қабылданған жаңа ережелер бойынша түсіндіру
жұмыстарын өткіземіз. Жаңа ережелерде қоғамдық бірлестіктер ұсынуы тиіс
мәліметтер тізімі бекітілген. Бұған дейін тізім өте үлкен болып келді, ал қазір
үкіметтік емес ұйымдарға ыңғайлы болу үшін онда тек ең маңызды мәліметтер ғана
қалып отыр», – дейді Батыс Қазақстан облысы «Азаматтық Альянсы» атқарушы
директоры Ғамал Түзелбаев.

Екі сағатқа созылған семинар
аясында делегация мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрғындардың ұсыныстарын
билікке жеткізетіндеріне уәде берді.

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,

Сара АДАЙБАЕВА,

Гүлхан ЯХИЯЕВА,

Гүлнәр
ДҮЙСЕБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз