Сыр халқы сең қаупіне дайындалып жатыр

54

0

Сыр халқы сең қаупіне дайындалып жатырСырдарияда сең жүретін уақыт жақындап келеді. Бұл мезгілдің дарияны жағалай орналасқан елді мекендер үшін қауіп туғызатыны бар. Осыған орай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Оған қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері және азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары қатысты. Жаттығу барысында Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелердегі елді мекендер тұрғындарына су тасқыны кезіндегі іс-әрекет жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған апаттық-құтқару қызметтерінің күш-құралдарына саптық қарау өткізілді.
Оған облыс бойынша 1302 адам мен 390 техника қатыстырылды. Іс-шара нәтижесінде қала, аудандар әкімдіктерінің басшылығына су тасқыны мезгіліндегі дайындықты ұдайы арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз